object(DateTime)#1055 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-11 21:18:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Minor (Минор) қосымша білім беру бағдарламасы

Minor (Минор) қосымша білім беру бағдарламасы – білім алушыларға қосымша құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында анықталған пәндер және (немесе) модульдер және оқу жұмысының басқа да түрлерінің жиынтығы (Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру қағидалары ҚР БҒМ 12.10.2018ж № 563 бұйрығы).

Minor – бакалавриаттың жаңа білім беру моделінің маңызды құрамдас бөлігі, оны іске асыру Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде 2020 жылдан бастап қолға алынды. Білім алушы ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті шеңберінде оқытудың жеке траекториясын айқындау кезінде негізгі білім беру бағдарламасы (Major) және қосымша білім беру бағдарламасы (Minor) бойынша пәндерді таңдайды.

Қосымша мамандану (Minor) студенттерге өздерінің негізгі білім беру бағдарламаларына тікелей байланысты емес салаларда жаңа дағдылар мен қосымша білім алуға мүмкіндік береді, бұл олардың академиялық және кәсіби тәжірибесін кеңейтуге ықпал етеді.

Қостанай өңірлік университетінде бакалавриат білім алушылары үшін Minor білім беру бағдарламаларының тізімі төртінші семестрдің соңында ұсынылады. Әрбір білім алушы бір Minor бағдарламасын таңдауға мүмкіндігі бар.

Minor бағдарламасының ерекшеліктері:

  • 3 курста (5,6 семестр) кезекпен оқытылатын 3 пәннен тұрады;
  • жалпы еңбек сыйымдылығы 15 кредит (әр пән – 5 кредит);
  • еңбек сыйымдылығы негізгі білім беру бағдарламасының құрамына кіреді (Minor пәндерінің кредиттері 240 кредиттің құрамында есептеледі);
  • әрбір студент өз білім беру бағдарламасынан тәуелсіз, жалпы тізімнен дербес таңдайды.

Minor бағдарламасын қалай таңдау керек:

  1. Өз қызығушылықтарыңызды анықтау. Болашақ кәсіби қызметіңізде немесе жеке дамуыңызда қай қосымша дағдылар мен білімдер пайдалы болуы мүмкін екенін ойластырыңыз.
  2. Қолжетімді бағдарламаларды зерттеу. Университеттің әр түрлі факультеттері ұсынатын барлық Minor бағдарламаларының мазмұнымен танысыңыз.
  3. Эдвайзермен кеңес. Өз таңдауыңызды эдвайзермен талқылаңыз, ол сізге ең тиімді бағытты таңдауға көмектеседі.
  4. Minor бағдарламасына тіркелу. Таңдаған Minor бағдарламасына тіркеліп, кәсіби өрісіңізді кеңейте бастаңыз.

Бакалавриат студенттеріне арналған Minor каталогы:

2025 жыл

Атауы Minor Ескерту
Арнайы білім берудің клиникалық педагогикалық негіздері Арнайы педагогика БББ арналған
Жалпы білім беру ұйымдарындағы педагог-ассистент Педагогикалық ғылымдар саласындағы БББ арналған
Кәсіптік бағдар беруші педагог Педагогикалық ғылымдар саласындағы БББ арналған
Сандық педагогика және жасанды интеллект Педагогикалық ғылымдар саласындағы БББ арналған
ШЖМ-дегі цифрлық трансформация Педагогикалық ғылымдар саласындағы БББ арналған
Табиғатты ұтымды пайдалану үшін экологиялық білім беру Педагогикалық ғылымдар саласындағы БББ арналған
Тіл және мәдениетаралық коммуникация Педагогикалық ғылымдар саласындағы БББ арналған
Мерекелік костюмді жобалау және жасау негіздері Барлық БББ арналған
FeltArt арқылы шығармашылық Барлық БББ арналған
Таңдалған спорт түрлеріндегі жаттықтырушылық қызметтің негіздері» ДШС, БӘД және ДШ БББ арналған
Психикалық денсаулығы бұзылған адамдармен психокоррекциялық жұмыс Психология БББ арналған
ХХІ ғасырдағы жетістік құралдары: бренд, тіл, медиасауаттылық Журналистикадан басқа барлық БББ арналған
Халықаралық коммуникация және тілдік дайындық Барлық БББ арналған
Қаржылық интеллект: табысқа жету Барлық БББ арналған
Жобаны басқару Барлық БББ арналған
Өндірістегі 4.0 технологиясы: дәнекерлеу, бояу, құрастыру Машина жасау, Көлік, көліктік техника және технологиялар, Аграрлық техника және технология БББ арналған
Генеративті жасанды интеллект АКТ бағыттарының БББ арналған
Деректерді талдаушы Барлық БББ арналған
Графикалық дизайнер АКТ бағыттарынан басқа барлық БББ арналған
Стартап идеясы және жасауға деген Ақпараттық жүйелер, Физика, Машина жасау, Көлік, көліктік техника және технологиялар, Аграрлық техника және технология, Электр энергетикасы БББ арналған
Үнемді өндіріс Машина жасау, Көлік, көліктік техника және технологиялар, Аграрлық техника және технология, Электр энергетикасы БББ арналған
Жасыл экономика, органикалық ӛндіріс және климаттық қауіптер Экология БББ арналған
Тиімді тамақтану - сіздің денсаулығыңыздың кепілі Барлық БББ арналған
"Бірыңғай денсаулық" шеңберінде жануарлармен экологиялық қарымқатынас Ветеринарлық медицина БББ арналған
Цифрлық тарих 6B02201 Тарих БББ арналған
Визуалды сәйкестілік және мәдени мұра 6B02201 Тарихтан басқа барлық БББ арналған
Ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету Құқық БББ арналған
Салық салу саласындағы әкімшілік және құқықтық реттеу Есеп және аудит, Қаржы БББ арналған
Қоғамтану: құзыреттерді оқыту және дамыту 6B01601 Тарих БББ арналған
Қазақстанның тұрақты дамуы География, География-Биология БББ арналған
Қабылдау комиссиясы