object(DateTime)#1015 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-19 08:11:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Халықаралық ынтымақтастық

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің халықаралық байланыстарын дамыту халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуды, сондай-ақ ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер негізінде білім беру және ғылыми мекемелермен ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Білім беруді интернационалдандыруға университеттің ЭРАЗМУС+ бағдарламасының жобаларын іске асыруы үлкен септігін тигізеді.

Университеттің халықаралық қызметі университетті әлемдік білім беру кеңістігіне тең құқылы серіктес ретінде жан-жақты интеграциялау, кадрларды оқыту мен ғылыми даярлау сапасын жетілдіру мақсатында білім беруді интернационалдандыруға бағытталған.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі университеттің халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, шетелдік жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттар мен меморандумдар жасасумен айналысады, халықаралық байланыстарды дамытуға ықпал етеді, ғылыми және білім беру қызметі саласында шетелдік әріптестерді іздестіруді жүзеге асырады, білім алушылар үшін дәрістер оқуға және практикалық сабақтар өткізуге шетелдік ғалымдарды шақырумен айналысады, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының бірлескен жобалары мен сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларын үйлестіру және жүзеге асыру, университет оқытушыларының шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда тағылымдамаларын ұйымдастыру.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметкерлері

Манасбаева Нагима Шотбаевна

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, гуманитарлық ғылымдар магистрі

Мекенжай: 110000, ҚР, Қостанай қ., Байтурсынов көш., 47, каб. 303.

Телефон: +7(7142) 51-11-73

E-mail: ksuintrel@gmail.com, ksu-international-office@yandex.kz

Кулахметова Жанерке Казбековна

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы

Мекенжай: 110000, ҚР, Қостанай қ., Қостанай қ., Байтурсынов көш., 47, каб. 303

Телефон: +7(7142) 51-11-73

E-mail: ksu-international-office@yandex.kz

Кәрімова Аружан Едресқызы

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы

Мекенжай: 110000, ҚР, Қостанай қ., Қостанай қ., Байтурсынов көш., 47, каб. 303

Телефон: +7(7142) 51-11-73

E-mail: ksu-international-office@yandex.kz

Қабылдау комиссиясы