object(DateTime)#1019 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-06-26 02:47:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Оқуға түсуге арналған құжаттар тізімі (бакалавриат)

Оқуға түсуге арналған құжаттар тізімі:

  1. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа және көшірмесі);
  2. 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
  3. 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (түпнұсқа және көшірмесі);
  4. 065/е немесе 063/е нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасының көшірмесі;
  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың үш көшірмесі;
  6. ҰБТ нәтижелерінің екі көшірмесі (толық оқу мерзіміне, сондай-ақ гранттар конкурсына қатысу үшін қысқартылған оқу мерзімдері бойынша түсу үшін);
  7. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (грант иегерлері үшін, конкурс нәтижелері жарияланғаннан кейін);
  8. Ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
  9. Басым құқықты/квотаны/жеңілдікті растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);
  10. Әскери билет/тіркеу куәлігінің көшірмесі.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.

Университетке қабылдау үшін мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар қабылдау комиссиясына қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. әскери билеттің көшірмесі;
  2. мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған).

Әрбір құжат электронды тасымалдағышта PDF форматында ұсынылуы керек.

Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда университеттің қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдамайды.

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к., 118

Электрондық пошта:  talapker@ksu.edu.kz

Instagram: kru_kst_priyem

Жұмыс номері: 8 (7142) 54-28-49

Қабылдау комиссиясы