Университет ректорының ресми блогы
Куанышбаев Сеитбек Бекенович
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Қымбатты достар!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қостанай өңірлік университеті – ерекше және ғажап оқу орны. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің жекелеген салаларындағы жарқын жеңістері мен елеулі жетістіктерінің саны бойынша еліміздегі ең көне немесе ең ірі университет бола алмағанына қарамастан, біздің университет көбіне атақты жоғары оқу орындарынан кем түспейді, тіпті олардан асып түседі.
Біздің университеттің бай және қызыққа толы тарихын көптеген талантты, ерік-жігері мықты және бірегей адамдар жасаған, олар өз Alma mater-ін жақсы көрді және мұнда ұлттық тәрбиенің озық дәстүрлерімен жұмыс істеді. Аға әріптестерінен қалған барлық жақсылық пен жарқындықты мұқият сақтай отырып, қазіргі ұжым ғылым мен инновация саласындағы озық тенденцияларды ұстанып, өзін белсенді түрде дамытып, университетімізді де дамытып келеді. ҚӨУ түлектері жоғары кәсіби біліктілік пен терең пәнаралық білімді ұштастыра біледі. Нәтижесінде Қостанай облысы тұрғындарының бірнеше ұрпағы осында өздері білім алып, балалары мен немерелерін бізге әкеліп жатыр.
Университеттің ғылыми-инновациялық жұмысы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, ғылымды көп қажет ететін өнімдерді жасауға, заманауи өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, агрохимия және топырақтану, микробиология, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдік және жануарлар биотехнологиясы, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, IT-технологиялар, археология саласындағы, сондай ақ гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы ҚӨУ оқытушыларының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің практикалық нәтижелері республикада кеңінен қолданылуда.
Университет қызметінің жетекші бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Қос дипломдық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, халықаралық ғылыми және білім беру жобалары жүзеге асырылуда, университеттің шетелдік серіктестерінің белсенді қатысуымен ғылыми іс-шаралар өткізілуде.
Жыл сайынғы рейтингтің қорытындысы бойынша университет ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының 80% «Атамекен» ҰКП рейтингінде және көрсеткіштердің тұрақты динамикасын көрсетіп отырғанын қуана хабарлаймын. Ең маңыздысы, университетіміз аккредиттелген және барлық білім беру бағдарламалары 100% аккредиттелген. Осының барлығы Қостанай өңірлік университетінде білім алу тек іргелі білімдерді меңгеру және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар заманауи мамандарға қойылатын әлемдік талаптарға сәйкестік екенін барынша дәлелдейді.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде тек кәсіби білім алу үшін ғана емес, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына барлық жағдай жасалған.
Студенттердің мәдени, спорттық және қоғамдық өмірдегі қабілеті мен дарындылығын ашуға көп көңіл бөлінеді. Нағыз оқиғалар, тартымды жобалар, ғылыми жаңалықтар және жаңа қызықты танысулар – мұның бәрі сізді біздің университетте күтеді!
Біз сіздерді Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында, сондай-ақ осы сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда күтеміз!
Құрметпен, ректор С.Б.Куанышбаев




Өтініштер:
Мен 2027 колледж түлегімін.Мамандығым Есеп және аудит.Осы мамандық бойынша қысқартылған оқуға қалай грантқа түссем болады?Немесе осы мамандыққа туыстас мамандыққа грантка түскім келеді
Хотел бы узнать о возможности поступления в ваш университет после окончания колледжа.
1. Есть ли у вас родственные образовательные программы по землеустройству, кадастру, геодезии или проектированию?
2. Возможно ли поступление на платное обучение по сокращённой программе без сдачи ЕНТ, через собеседование?
3. Сколько лет длится обучение после колледжа?
4. Есть ли очная форма обучения, дающая право на отсрочку от армии?
1.Родственные программы к сожалению, образовательных программ по землеустройству, кадастру, геодезии и проектированию в нашем вузе нет.
2. Поскольку этих родственных специальностей нет, поступление по сокращённой программе через собеседование невозможно. Вы можете поступить на любое другое направление на общих основаниях — по результатам полного ЕНТ (при наборе порогового балла).
3. Срок обучения при поступлении на неродственную специальность обучение проходит по стандартной программе и длится 4 года.
4. Обучение у нас ведётся по очной форме, что даёт официальное право на отсрочку от армии на весь период учёбы.
Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 50-тармағына сәйкес, үздік диплом алу үшін:
– пәндер бойынша қорытынды бағалар А, А- («өте жақсы») және В-, В, В+, С+ («жақсы») болуы;
– GPA орташа балы 3,5-тен төмен болмауы;
– қорытынды аттестаттау бағалары А немесе А- («өте жақсы») болуы;
– бүкіл оқу кезеңінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыру немесе қайта оқу жағдайлары болмауы қажет.
қысқартылған оқыту формасымен қазір Қызылорда қаласы Қорқыт ата университетінде 1 курс оқимын.Бірақ маған заочно оқу үшін университет ауыстыру керек болып жатыр.Сіздерде нақты заочно оқыту барма екен?
Қазақстан Республикасында жоғары білім беру жүйесіндегі дәстүрлі сырттай оқу нысаны 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылған.
Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 шілдедегі № 171-VI Заңына сәйкес енгізілді.
1. Образовательная программа 7М02301 «Казахская филология» реализуется в рамках научно-педагогического направления магистратуры по группе образовательных программ М060 «Филология», направлению подготовки 7М023 «Языки и литература».
По завершении обучения и успешном прохождении итоговой аттестации выпускникам присуждается степень Магистр гуманитарных наук по образовательной программе «7М02301 Казахская филология».
2. В соответствии с Государственным общеобязательным стандартом послевузовского образования, утвержденным приказом Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 2, срок обучения в магистратуре научно-педагогического направления составляет 2 года с освоением не менее 120 академических кредитов.
Образовательная программа 7М02301 «Казахская филология» предусматривает срок обучения 2 года и объем 120 академических кредитов (ECTS).
3. Сообщаем, что вопросы назначения на должность по соответствующему профилю и установления доплаты на основании документов об образовании находится вне компетенции Университета и решаются работодателем в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.