object(DateTime)#1019 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-06-30 05:03:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Білім жарысы» студенттер газеті

АҒЫМДАҒЫ НӨМІР

№2
Наурыз 2024

Жүктеу 7,16 Мб

«Білім жарысы» газетінің алғашқы саны 1998 жылы 22 наурызда жарық көрді. Газетті ашу бастамасы «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасына тиесілі, сондықтан материалдардың авторлары – кафедра студенттері мен оқытушылары. Басылым әу бастан «журналистика» мамандығының студенттері үшін тәжірибе мектебі ретінде басылып шығарылды, 25 жылдық тарихы бар газет студенттер мен оқытушылардың күш-жігерінің арқасында әлі күнге дейін жарық көріп келеді, бірақ соңғы жылы электронды нұсқада ғана.

Газеттің атуы «Білім жарысы» болғандықтан атына заты сай студенттік газет А.Байтұрсынұлының дәстүрін жалғастырып, қазақ және орыс тілдерінде тәрбиелік маңызы зор, білім мен ғылымды насихаттайтын материалдар жариялайды.

Қазіргі уақытта газет А-3 форматында жарық көреді. Ондағы материалдар әралуан: студенттер проблемалары, оқиғалар, шәкірттер мен ұстаздар жетістігі, студенттік өмірге байланысты барлық мәселелер, сонымен қатар университет қабырғасында өткізілген көптеген іс-шаралар газет бетінде көрініс табады. Мұнда әрбір студент өз қызығушылығына сәйкес материалдарды оқи алады, сондай-ақ газет шығару үрдісіне де қатыса алады. 

Қабылдау комиссиясы