«Ғылым, білім және жасанды интеллект: ғылыми мұрадан цифрлық болашаққа» тақырыбындағы «Сұлтанғазин оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

«Ғылым, білім және жасанды интеллект: ғылыми мұрадан цифрлық болашаққа» тақырыбындағы «Сұлтанғазин оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы академик Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің туғанына 90 жыл толуына орай оның ғылыми мұрасын сақтау және насихаттау, тәжірибе алмасу, заманауи үрдістерді талқылау және физика- математика ғылымдары, білім беру, цифрлық технологиялар мен жасанды
интеллект салаларындағы ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсыну мақсатында өткізіледі.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу форматы – офлайн, онлайн және сырттай офлайн – Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтта; қашықтан – Zoom платформасында, қосылу сілтемесі мақала қабылданғаны туралы
хабарламадан кейін автордың электрондық поштасына жіберіледі; сырттай – мақаланы жинақта жариялау).

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1. Ө.М. Сұлтанғазиннің ғылыми мұрасы және қазіргі физика-математика ғылымының дамуы.
2. Цифрлық трансформация дәуіріндегі математикалық және физикалық білім беру.
3. Білім берудегі жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: зерттеулер, құралдар және тәжірибелер.
4. Болашақ педагогті даярлау: цифрлық құзыреттер, жасанды интеллект және инновациялық білім беру тәжірибелері.
5. STEM/STEAM, робототехника және зерттеу қызметі: мектеп жобасынан ғылыми ізденіске дейін.

БАҚЫЛАУ МЕРЗІМДЕРІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қабылдау комиссиясы