Қаладағы үш мектептің 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарын біріктірген кездесуде жастарға кәсіби бағдар берілді.
Іс-шараға ҚӨУ-дың кәсіптік бағдар беру және студенттерді қабылдау орталығының, педагогикалық институт пен факультеттердің өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыптары – ҰБТ-ға дайындық, болашақ мамандықты таңдау және білім алудың келесі бағытын айқындау.
Университет өкілдері болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналарын білім беру бағдарламаларымен таныстырып, студенттік өмір, оқу мүмкіндіктері және кәсіби дамудың перспективалары туралы айтып берді.
Қатысушыларға университеттегі дайындық бағыттары мен Baitursynuly University-ге түсу тәртібі таныстырылды.
Кездесудің көркін университет студенттерінің арнайы дайындаған шығармашылық нөмірі аша түсті.
Шара соңында ҚӨУ өкілдері мектеп бітірушілер мен ата-аналардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Мұндай кездесулер мектеп оқушыларына өз қызығушылығы мен мүмкіндіктерін жақсырақ түсінуге, болашақ мамандығын саралап, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.

