object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-27 04:21:18.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Тарих қойнауы

Естеріңізге сала кетейік, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Тарих» мамандығының 1 курс студенттері осы күндері Қаратомар су қоймасы аймағында археологиялық қазба жұмыстарымен айналысып жатыр. Бұл экспедиция – студенттердің оқу жоспарына сәйкес жыл сайын өткізілетін археологиялық тәжірибе. Екі апта бойы студенттер оқытушылармен бірге тарихи жәдігерлер – тарихи ескерткіштерді іздейді.

Олардың тәжірибесі нәтижелі өтуде, алғашқы жетінің өзінде көп жұмыс жасалды. Студенттерге геологиялық аппараттар мен археологиялық құрылғылардың жұмыс принципі көрсетілді. Бұдан әрі біздің археологтар зират аумағын тазарту жұмыстарын жүргізді. Алғашқы артефактілер табылды, атап айтар болсақ: керамика бөліктері мен әйел білезігінің бір бөлігі. Практика жетекшісі Андрей Логвиннің және басқа да археологтардың айтуынша, бұл қорым мен табылған жәдігерлер біздің дәуірімізге дейінгі 16 - 13 ғасырлардағы қола дәуіріндегі Алакөл мәдениетіне жатады. Студенттердің өздері айтқандай, алғашқы артефактіні тапқан сәтті ең бақытты және ең қуанышты деп атауға болады, ол кездегі көңіл-күйді сипаттау, жеткізу қиын. Бірақ дәл осы жерде студенттер тарихпен танысуға, артефактілерді оқып, көптеген қызықты нәрселерді білуге мүмкіндік алды.

Қазба жұмыстарынан басқа студенттер бос уақыттарын өте қызықты өткізеді – табиғатты тамашалап, онымен үйлесім табуда.

Тәжірибе барлық сақтық шараларды сақтай отырып жүргізілуде.

Қабылдау комиссиясы