Қашықтағы жұмыс форматы мектеп түлектерін тартуды ұйымдастырудың жаңа перспективалары мен мүмкіндіктерін ашты. Жастар арасында кеңінен танымал әлеуметтік медиа ресурстарды пайдалану мектеп оқушыларының қызығушылығын оятып қана қоймай, сонымен бірге облыстың барлық аймақтарын бір уақытта қамтуға көмектеседі.
Біз күн сайын әлеуметтік желілердегі парақшамыздың аудиториясы қалай кеңейіп жатқанын көреміз және ақпаратты жаңаша ұсынуға тырысудамыз. Оның басты себептердің бірі талапкерлермен direct, фейсбуктағы мессенджерлерге келіп түскен хаттар мен хабарламалар арқылы кері байланыстың орнауы.
Өткен аптада мектеп оқушыларымен өткен онлайн-кездесудің нәтижелерін ескере отырып, енді әр бейсенбі сайын осындай кездесулерді ұйымдастыруды ұйғардық. Сонымен қатар әр жолы әр түрлі білім беру бағдарламалары жайында толыққанды мәлім беріп тұрамыз деп шештік.
Білім беру бағдарламасының жетекшілері әр білім беру бағдарламамыздың мазмұны мен бәсекелестік артықшылықтарын егжей-тегжейлі ашып көрсете отырып, әрекеттердің алгоритміне назар аударады.
Осы аптада өткен кездесуде мектеп түлктерінің алдында әскери кафедраның бастығы, запастағы полковник О.Л. Оборин, шетел филологиясы кафедрасының меңгерушілері С.С. Жабаева, машина жасау кафедрасының меңгерушісі О.Е. Верещагин, бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының меңгерушісі Е.И.Ладаненко сөз сөйледі.
Мәселен, запастағы полковник Олег Оборин аймақтағы жалғыз әскери кафедраның қызметі туралы айтты, оның түлектері әскери куәлік және запастағы лейтенант атағын алады. Бұл оларға Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет етуге мүмкіндік береді.
Шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі Сәуле Жабаева халықаралық ынтымақтастық, алмасу бағдарламалары шеңберіндегі еуропалық университеттерде білім алу мүмкіндіктері туралы айтты. Айтпақшы, біздің шетел филологиясы кафедрасы білімді, білікті мамандар дайындайтын, шәкірттері әрдайым республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары қатарынан табылатын үздік кафедралардың бірі.
Бүгінде инженерлік мамандықтар сұранысқа ие. Сондықтан, презентация барысында біз гранттар, өту балдары және оқу ақысы туралы ақпарат беруге тырыстық. Сондай-ақ ҚМУ студенттерін жұмыспен қамтудың нақты мүмкіндіктерін ашатын «КамАЗ», «СарыарқаАвтоПром» сияқты кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы айтылды. Онлайн-кездесу соңында бухгалтерлік есеп және басқару мамандықтары таныстырылды. Менеджмент, мемлекеттік басқару, бухгалтерлік есеп мамандықтары – әлі күнге дейін сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Презентация барысында Е.И. Ладаненко жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, орташа жалақы және оқу процесі туралы баяндап берді. Айта кету керек, бүгінгі таңда біздің кафедра материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілген, сонымен қатар «1с бухгалтерия» мамандығы бойынша оқуға арналған лицензияның иесі болып табылады.
Эфирді көріп үлгірмегендер үшін біз оларды өз парақшаларымызда сақтап, ksu.edu.kz университет сайтында жариялаймыз.
Біз сіздерді онлайн-ашық есік күніне әр бейсенбі сайын сағат 15.00-де шақырамыз.