Экономика және қаржы кафедрасы 3-4 курс студенттері үшін «ЗЕРНОВАЯ ИНДУСТРИЯ» АгроХолдингінің бас директоры Ердос Тапаевпен онлайн-семинар өткізді.
«ЗЕРНОВАЯ ИНДУСТРИЯ» АгроХолдингі – экологиялық таза сиыр етін өндіруге бағытталған тігінен интеграцияланған компания. Оның құрылымына сиыр етін өндірудің толық циклын қамтамасыз ететін бірнеше бөлімшелер кіреді. Олар: жем-шөп сатып алу, өндіру, ірі қара малдың тұқымын трансформациялау, сондай-ақ жануарларды соңғы бордақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты бөлімшелер. Сонымен қатар компания – «Қазақстанның ет одағының» мүшесі және «Қостанай облысының ет кластері» жобасының операторы. Студенттер компания туралы барлық ақпаратты кездесу қонақтары ұсынған бейнебаяннан көре алды.
Ердос Сәлімұлы білімге деген қажеттілік мәселесіне көп көңіл бөлді, қаржыгерлер, есепшілер және экономистер кәсібінің артықшылықтары туралы және мамандықта сәттілікке жету үшін не істеу керек екенін студенттермен бөлісті. Ол өзінің жеке тұлға ретінде, еңбекте табысқа жетуі туралы әңгімелеп берді. Аталмыш семинарға қатысу себебін айтты, басты себеп - үздік түлектерді кәсіпорынның білікті командасының қатарына шақыру.
Студенттер Ердос Тапаевқа жұмысқа қабылданар алдындағы сұхбаттасу және жұмысқа орналасудың басқа да талаптары туралы сұрақтар қойды.