Павлодар, Қостанай және Орал технопарктері Astana Hub-тың аймақтық даму бағдарламасының «алғашқы бастаушылары» атанды. Астана хабының жабық білім базасына қол жеткізу елімізде алғашқылардың бірі болып А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Smart-орталығына бұйырды.
Бұрын хабарлағанымыздай, ҚМУ-нің Smart-орталығы «Astana Hub IT- стартаптар халықаралық технологиялық паркі» корпоративтік қорының аймақтық серіктестерін дамыту бағдарламасының мүшесі атанды. Бағдарламаға қатысу біздің университет базасында цифрлық технологиялардың дамуына жаңа серпін береді. SMART-орталық аймақтағы стартап жобаларды әзірлеу мен іске қосудың жалғыз республикалық алаңына айналады.
Бағдарламаға қатысушылар тек бірегей білім базасына ғана емес, сонымен бірге арнайы салықтық жеңілдіктерге, жеңілдетілген визалық режимге және Astana Hub-тың басқа да қолдау шараларына қол жеткізе алады.
Шілде айында технопарк басшыларына арналған алғашқы оқыту курстары өтеді. Ұйымдастырушылар басқа да технопарктерді Astana Hub аймақтық даму бағдарламасына қатысуға және Astana Hub-пен ынтымақтастық туралы келісім жасасуға шақырады.
Бағдарлама туралы толығырақ мына сілтеме арқылы біле аласыз: http://taplink.cc/astana_hub