Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Н.А. Назарбаев және қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі» пікір алмасу шарасы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Рухани жағыру»жобалық кеңсесінің және аға маманы Ольга Евдокимова.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Елена Ли алғашқы болып сөз алды.
Диалог алаңына Қостанай облысы ҚХА ғылыми сараптамалық тобының мүшесі, этносаралық және конфессияаралық келісімді зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан дінтанушыларының мүшесі Жангелді Шәукенов; Қостанай облысы ҚХА ғылыми сараптамалық тобының мүшесі, саясаттанушы, Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің аға маманы, тарих ғылымдарының кандидаты Валерий Вишниченко; «Тарих» ОБ-ның 1 курс студенті, «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени орталығы» жастар қанатының мүшесі Анель Пимичева; ҚӨУ-нің 3 курс студенті, «Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі» тақырыбы аясында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы Анна Зайко қатысты.
Жыл сайын, 2012 жылдан бастап, 1 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесі аталып өтеді. Мерекенің басты мақсаты - елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту.
Диалог алаңында спикерлер Елбасының Қазақстанның дамуы мен қалыптасуындағы тарихи маңызы мен рөліне, көп ұлтты Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы ҚХА-ның рөлі мен қызметіне тоқталды.