«Таза ойындарда» ТОП жарды

ҚӨУ Жаратылыстану пәндері кафедрасының «ЭКОПатруль» командасы «Таза ойындарда» жеңіске жетті.

Бұл экологиялық бастама Қостанайда «Таза Қазақстан» қағидатының «EcoZhas» жобасы шеңберінде жастар мен еріктілер арасында экологиялық идеяларды ілгерілету» жобасын жүзеге асыру аясында өтті.

Шараны «Neco» экологиялық клубы» ҚҚ мен Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Акция экожарыс форматында өтті. Табиғатқа жанашыр 170-тен астам жас қоқыс жинап, оны сұрыптады.

ЖП кафедрасының командасы «Биология», «Химия» және «География» мамандықтарының 1–4 курс студенттерінен құралды.
Ольга Чернявская бастаған студенттеріміз 600 келіден астам қалдық жинап, қара үзіп шықты!

Бұл жеңістің мәні бөлек. Биыл кафедрада «Экологиялық ағарту және бастамалар орталығының қызметін жобалау мен ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» жобасы қолға алынған болатын. Негізгі мақсат – студенттер мен оқытушыларды волонтерлікке баулу.
Ал бұл шараға қатысу – сол бастаманың алғашқы үлкен қадамдарының бірі.

Жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы