object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-28 01:19:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ СТУДЕНТТЕРІ ЖЕҢІМПАЗДАР ҚАТАРЫНДА!

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің «Қолданбалы математика және информатика» кафедрасының базасында АКТ-ны (Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды) қолдану бойынша студенттер мен магистранттардың VI халықаралық ғылыми жұмыстары мен шығармашылық жобалары байқауы өтті. Қазақстан Республикасының ЖОО-нан, сондай-ақ Ресейдің (Санкт-Петербург, Новосибирск, Калининград, Томск қалаларынан), Германия, Польша, Өзбекстан елдерінің университеттерінің өкілдерінен 122 өтінім қабылданды.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінен аталмыш байқауға «6B06102 - Ақпараттық жүйелер» ББ-ның студенттері қатысуға ниет білдірді. Сайысқа ұсынылған 7 ғылыми жұмыстың 4-уі жүлделі орынға ие болды.

«Компьютерлік графика және анимация, дизайн» секциясында 1-орынды Мәди Мұратов пен Ақсұлу Кушекова (ғылыми жетекшілері – аға оқытушылар А.Сарина, Д.Алиппаева) жеңіп алды. «Web-ресурстарды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік» секциясы бойынша да жеңіс біздің студентке бұйырыпты, Айбол Кәрім (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Ж.Нұрпейісова) 1 орынға ие болды.

«Компьютерлік және математикалық модельдеу» секциясы бойынша А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенттері Мейіржан Қантрабай (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Ж.Ерғалиева) мен Яна Кочеткова (ғылыми жетекшісі – аға оқытушылар А.Сарина, Г. Бабулова) 2 және 3 орындарға лайық деп танылды.

Студенттеріміз бен олардың ғылыми жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!  

 

Қабылдау комиссиясы