object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-28 19:29:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі

Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің бастамасымен «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін зерттеуге арналған зияткерлік зертхана» тақырыбында онлайн-конференция өтті. Конференцияға қатысушылар – облыстың колледж студенттері.

Конференцияның спикерлері – А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің профессоры Қалқаман Жақыпов; ҚӨУ тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы Валерий Вишниченко және педагогикалық жұмыстардың ардагері Александра Суслова.

Барлық спикерлер – Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері. Конференция барысында этносаралық қатынастарды нығайтудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің тұрақты рөлі атап өтілді.

Валерий Вишниченко өз сөзінде модельдің тұжырымдамалық негіздеріне егжей-тегжейлі тоқталды конференцияға қатысушылардың назарын оны зерттеу және жастар арасында насихаттау қажеттілігіне аударды. Әлемде елеулі өзгерістер болып жатқан жаңа жағдайда қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру, болашақтың біртұтас Ұлтын қалыптастыру жолында жаңа тәсілдерді табу қажет екендігі ерекше атап көрсетілді. Сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы жұмыс тиімділігін арттыру бойынша мемлекет ішінде жасалып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

Баяндама соңында Валерий Вишниченко өзі дайындаған қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделінің тұжырымдамалық негіздерінің оқу-әдістемелік құралының қысқаша презентациясын жасады.

 

Қабылдау комиссиясы