Skip to content

Корпоративтік оқиғалар

2020 жылғы 08 шілде

ҚР Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 11 қазандағы № 752  қаулысының, ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының (бұдан әрі — ҚР ҚМ ММЖК) "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" 2020 жылғы 05 мамырдағы № 350 бұйрығының негізінде  2020 жылғы 08 маусымда "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны  "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті " коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастыруды аяқтады.

2020 жылғы 30 шілде

"А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ 30.07.2020 ж. № KZ91VGZ00000303 бағалы қағаздар шығарылуына мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берген " А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарияланған акцияларын шығару жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мемлекеттік тіркеуі туралы хабарлайды. Шығарылым 4 085 678,00 (төрт миллион сексен бес мың алты жүз жетпіс сегіз) жай акцияларға бөлінген, оларға халықаралық сәйкестендіру KZ1C00013978 нөмірі (ISIN коды) берілген. Бір акцияның номиналдық құны 1 000 (бір мың) теңге.

2020 жылғы 23 қыркүйек

" А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті " КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі  иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акция пакеті бар жөніндегі қабылдаған шешімі туралы хабарлайды:

"Коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 408 бұйрығымен " А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті " коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы 6 (алты) мүше болып белгіленді.

Директорлар Кеңесінің құрамына келесілер сайланды:

Мирас Мұхтарұлы Дәуленов  – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі.

Мамыр Қуанышқызы Кәрібаева - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру  комитеті Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)..

Зәуре Әнуарбекқызы  Байменова – Қостанай облысы Білім басқармасының басшысы (келісім бойынша).

Орал Қабиұлы  Қаппасов – Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы (келісім бойынша).

Тимур Мейірханұлы Садықов - «Баян Сұлу» АҚ Басқарма Төрағасы – Президент, тәуелсіз директор (келісім бойынша).

Қырмызы Сапарқызы Жанбыршина – «Еуразиялық банк» АҚ Қостанай филиалының директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша).

2020 жылғы 7 қазан

07.10.2020 ж. Директорлар Кеңесінің шешіміне (№1 хаттама) сәйкес "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі Мирас Мұхтарұлы Дәуленов сайланды.

2020 жылғы 7 қазан

07.10.2020 ж. Директорлар кеңесінің шешіміне (№1 хаттама) сәйкес "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті"  КЕАҚ ұйымдық құрылымы мен штат саны бекітілді.

2020 жылғы 5 қараша

05.11.20ж. Директорлар кеңесінің шешіміне (№2 хаттама) сәйкес "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ Ішкі нормативтік құжаттардың жіктеуіші бекітілді.

2020 жылғы 5 қараша

05.11.20ж. Директорлар кеңесінің шешіміне (№2 хаттама) сәйкес "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ  Директорлар кеңесінің жұмыс Жоспары (отырыстар кестесі) бекітілді.

2020 жылғы 25 қараша

25.11.20ж. Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (№3 хаттама) "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ  Басқарма Төрағасы - Ректоры лауазымына конкурс жарияланды.