1. Эдвайзер-кураторлар → институт/факультет → академиялық мәселелер жөніндегі проректор → Басқарма Төрағасы-Ректор
Эдвайзер-кураторлар білім алушылардың шағымдары мен ұсыныстарын келесі кезектілікпен береді: кафедра меңгерушісіне, деканның/директордың орынбасарына, факультет деканына/институт директорына, академиялық мәселелер жөніндегі проректорға.
Егер мәселе кафедра меңгерушісі немесе деканның/директордың орынбасары деңгейінде шешілмесе, ол ауызша немесе жазбаша түрде факультет деканына/институт директорына беріледі.
Көп жағдайда даулы мәселелер кафедра меңгерушісі, деканның/директордың орынбасары немесе факультет деканы/институт директоры деңгейінде шешіледі.
Аталған деңгейде мәселе шешілмеген жағдайда, шағым белгіленген кезектілікке сәйкес әрі қарай академиялық мәселелер жөніндегі проректорға және қажет болған жағдайда университет басқармасының жоғары деңгейіне жолданады.



