Университет ректорының ресми блогы
Куанышбаев Сеитбек Бекенович
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Қымбатты достар!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Қостанай өңірлік университеті – ерекше және ғажап оқу орны. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің жекелеген салаларындағы жарқын жеңістері мен елеулі жетістіктерінің саны бойынша еліміздегі ең көне немесе ең ірі университет бола алмағанына қарамастан, біздің университет көбіне атақты жоғары оқу орындарынан кем түспейді, тіпті олардан асып түседі.
Біздің университеттің бай және қызыққа толы тарихын көптеген талантты, ерік-жігері мықты және бірегей адамдар жасаған, олар өз Alma mater-ін жақсы көрді және мұнда ұлттық тәрбиенің озық дәстүрлерімен жұмыс істеді. Аға әріптестерінен қалған барлық жақсылық пен жарқындықты мұқият сақтай отырып, қазіргі ұжым ғылым мен инновация саласындағы озық тенденцияларды ұстанып, өзін белсенді түрде дамытып, университетімізді де дамытып келеді. ҚӨУ түлектері жоғары кәсіби біліктілік пен терең пәнаралық білімді ұштастыра біледі. Нәтижесінде Қостанай облысы тұрғындарының бірнеше ұрпағы осында өздері білім алып, балалары мен немерелерін бізге әкеліп жатыр.
Университеттің ғылыми-инновациялық жұмысы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, ғылымды көп қажет ететін өнімдерді жасауға, заманауи өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, агрохимия және топырақтану, микробиология, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдік және жануарлар биотехнологиясы, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, IT-технологиялар, археология саласындағы, сондай ақ гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы ҚӨУ оқытушыларының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің практикалық нәтижелері республикада кеңінен қолданылуда.
Университет қызметінің жетекші бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Қос дипломдық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, халықаралық ғылыми және білім беру жобалары жүзеге асырылуда, университеттің шетелдік серіктестерінің белсенді қатысуымен ғылыми іс-шаралар өткізілуде.
Жыл сайынғы рейтингтің қорытындысы бойынша университет ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының 80% «Атамекен» ҰКП рейтингінде және көрсеткіштердің тұрақты динамикасын көрсетіп отырғанын қуана хабарлаймын. Ең маңыздысы, университетіміз аккредиттелген және барлық білім беру бағдарламалары 100% аккредиттелген. Осының барлығы Қостанай өңірлік университетінде білім алу тек іргелі білімдерді меңгеру және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар заманауи мамандарға қойылатын әлемдік талаптарға сәйкестік екенін барынша дәлелдейді.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде тек кәсіби білім алу үшін ғана емес, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына барлық жағдай жасалған.
Студенттердің мәдени, спорттық және қоғамдық өмірдегі қабілеті мен дарындылығын ашуға көп көңіл бөлінеді. Нағыз оқиғалар, тартымды жобалар, ғылыми жаңалықтар және жаңа қызықты танысулар – мұның бәрі сізді біздің университетте күтеді!
Біз сіздерді Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында, сондай-ақ осы сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда күтеміз!
Құрметпен, ректор С.Б.Куанышбаев




Өтініштер:
Университетте педагогикалық және құқық мамандықтарына шекті балл 75, ал қалған мамандықтарға – 50 балл. Алайда сұрағыңызға нақты жауап беру үшін ҰБТ-да тапсырған бейіндік пәндеріңізді көрсетуіңіз қажет.
Колледжде бітірген мамандығыңыздың классификатор бойынша қай мамандыққа туыстас екенін анықтау үшін дипломыңызды қабылдау бөлімінің нөміріне жіберуіңізді сұраймыз. Сол кезде нақты қандай мамандықтарға, соның ішінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» немесе «Тарих» мамандықтарына түсе алатыныңызды тексеріп, толық ақпарат бере аламыз. Егер туыстас мамандық анықталса, әзірше ақылы бөлімге ҰБТ тапсырмай-ақ түсу мүмкіндігіңіз бар. Жылдық оқу ақысы 549 000 теңгені құрайды. Төлемді бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Республикалық гранттан айырмашылығы педагогикалық квота тек университтерге педагогикалық мамандықтар топтарына бөлінеді. Бұл гранттар нақты жоғары оқу орындарына берілетіндіктен, талапкерлер жеке конкурс бойынша қатысады. Біздің университетке педагогикалық квота бөлінгендіктен, бізді таңдасаңыз Сіз конкурсқа автоматты түрде қатыса аласыз.
2025 жылғы мәлімет бойынша B016 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығына гранттың ең төменгі өту балы жалпы грант бойынша – 122 балды, арнайы грант бойынша – 113 балды, ал ауылдық квота бойынша – 115 балды құрады. Ал B037 «Филология» мамандығы бойынша жалпы гранттың ең төменгі өту балы 122 бал болды. Сондықтан 83 баллмен грантқа түсу мүмкіндігі сұрақ тудырады. Дегенмен, балыңыз шекті баллдан асқандықтан, конкурсқа құжат тапсыра аласыз. Егер биыл талапкерлердің саны мен нәтижелері өзгерсе, өту балы да өзгеруі мүмкін.
Если я наберу 50 баллов меня сразу могут принять на платную основу если я не прошла на грант?
По образовательной программе В047 «Маркетинг и реклама» в 2026 году выделено всего 200 грантов, а в прошлом году минимальный проходной балл на грант составил 114 баллов. Если на грант пройти не получится, при наличии 50 и более баллов Вы сможете поступить на платное отделение.
Жалпы толық оқу нысаны бойынша 2025 жылы 152 грант, ал 2026 жылы 200 грант бөлінген. Алайда 6В042 Құқық мамандығы бойынша ішкі гранттар қарастырылмаған.
Қабылдау комиссиясы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жұмыс істейді.
Бакалавриатқа түсу үшін келесі құжаттар қажет:
* Диплом немесе аттестат және қосымшасы (түпнұсқа, көшірме және PDF форматында);
* Жеке куәліктің 2 көшірмесі (қағаз және PDF форматында);
* 3×4 көлеміндегі 6 фотосурет;
* 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
* 065/у (063/у) нысанындағы екпе картасының көшірмесі;
* ҰБТ сертификаты (бар болған жағдайда);
* Басқа ЖОО-да тапсырылған шығармашылық немесе арнайы емтихан ведомосынан үзінді көшірме (бар болса);
* Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болса);
* Тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда растайтын құжат;
* Квота, жеңілдік немесе басым құқықты растайтын құжаттар (бар болса); * Ер азаматтар үшін әскери билет көшірмесі (бар болса).
1жыл жумыс жасап стаж бар
убт сыз окуга каблдайсыздарма
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №134 бұйрығына сәйкес, колледж бітіргеннен кейін жоғары оқу орнына туыстас мамандық бойынша қысқартылған оқу мерзімімен түсуге болады. Колледжде бітірген мамандығыңыздың классификатор бойынша қай мамандыққа туыстас екенін анықтау үшін дипломыңызды қабылдау бөлімінің нөміріне жіберсеңіз, нақты қандай мамандықтарға түсе алатыныңызды тексеріп, ақпарат бере аламыз. Егер туыстас мамандық анықталған жағдайда, ақылы бөлімге ҰБТ тапсырмай-ақ түсу мүмкіндігіңіз бар.
И хотела бы узнать что бы поступить на Гранта, что для этого нужно.
Согласно приказу Министерство образования и науки Республики Казахстан от 1 апреля 2019 года № 134, сокращённые сроки обучения предусмотрены только для лиц, имеющих техническое и профессиональное или послесреднее образование с квалификацией «специалист среднего звена» или «прикладной бакалавр» по родственным направлениям подготовки кадров высшего образования. По вашему вопросу специальности «Ветеринария» и «Пекарь-кондитер» не относятся к родственным направлениям, поэтому поступление будет осуществляться на общих основаниях с прохождением ЕНТ.
Перечень документов для поступления:
Диплом о техническом и профессиональном образовании с приложением (подлинник, копия и электронный формат PDF);
6 фотокарточек размером 3 × 4 см;
Медицинская справка по форме 075/у (бумажный и электронный формат PDF);
Копия карты профилактических прививок по форме 065/у либо 063/у (бумажный и электронный формат PDF), при наличии;
Три копии документа, удостоверяющего личность (бумажный и электронный формат PDF);
Выписка из ведомости проведения специального экзамена либо иных результатов вступительных испытаний при прохождении в другом вузе (бумажный и электронный формат PDF).
К сожалению, прием заявлений на участие в ЕНТ для конкурса на присуждение государственных образовательных грантов завершился 25 апреля.
ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, педагогикалық мамандық бойынша ауыл квотасымен білім алған түлектер ауылдық жердегі мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс өтеуге міндетті. Ал егер сіз жалпы педагогикалық грантпен оқыған болсаңыз (ауыл квотасы емес), онда мемлекеттік білім беру ұйымдарында қалада да, ауылда да жұмыс істеуге болады.
Сұрағыңызға нақты жауап беру үшін дипломыңызды қабылдау бөліміне жіберуіңіз қажет. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №134 бұйрығына (02.08.2024 ж. өзгерістермен) сәйкес, біз сізге университетке қандай туыстас мамандық бойынша қысқартылған оқу мерзімімен түсе алатыныңызды нақты айта аламыз. Өкінішке орай, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу үшін ЕНТ-ға өтініш қабылдау 25 сәуірде аяқталды. Егер сіз туыстас мамандық бойынша ақылы оқуға түсетін болсаңыз, ЕНТ тапсырмайсыз. Егер таңдаған мамандығыңыз педагогикалық емес туыстас бағыт болса, қосымша емтиханды 1 шілде мен 20 тамыз аралығында тапсырасыз. Ал егер туыстас педагогикалық мамандыққа түсетін болсаңыз, жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы өткізетін бір арнайы емтихан тапсырасыз. «Педагогикалық ғылымдар» білім беру бағыты бойынша құжат қабылдау және арнайы емтихан өткізу мерзімі: 20 маусымнан 20 тамызға дейін. Мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқысы келетін талапкерлер үшін арнайы емтихан 20 маусым мен 20 шілде аралығында өткізіледі.