А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Зарина Бақтиярқызы
02-07-2026
Сәлеметсіз бе! Емдеу ісі (фельдшер) мамандығында колледжде оқығанмын, ЖОО-оқу орнына ақылы бөлімге, педке биология таңдап түскім келеді, дистанционна оқуға боладыма? Оқу ақысы қанша болады?
Жауабы
03-07-2026
Сәлеметсіз бе, оқу ақысы 549 000 теңгені құрайды. Құжат қабылдау мерзімі 25 тамызға дейін. Оқыту нысаны бойынша толық ақпарат алу үшін 87052937808 нөмеріңізге хабарласуыңызға болады.
Гүлімай
02-07-2026
Мен қазақ тілі әдебиеті пәнін таңдап отырмын ұбт балым 70 ішкі грант арқылы түсе аламын ба?
Жауабы
02-07-2026
Сәлеметсіз бе, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4 тармағына сәйкес "Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша оқуға түсу үшін ҰБТ сертификатында кемінде 75 балл болуы керек. Сіз тамыз айында ҰБТ тапсыра аласыз, тіркелу 25 шілде мен 5 тамыз аралығы.
Бақытжанов Бауыржан
01-07-2026
Пед тест тапсырум керек еді,Джт/Гео-Тарих мұғалім
Жауабы
02-07-2026
Сәлеметсіз бе, арнаулы емтихан дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-18:00 өткізіледі. Мекен-жайымыз: Тәуелсіздік, 118. Г-203 дәрісханасы.
Гүлжан
01-07-2026
Таңдау пән джт анг 76 балмен грантқа шанс бар ма немесе сараланған гранқа
Жауабы
02-07-2026
Сәлеметсіз бе, бұл конкурс, бөлінетін грант саны мен берілетін өтініш санына байланысты болады. Білім беру грантын беру конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады.
Алина
01-07-2026
Мен 98бал алдым мамандығым тіл-әдебиет пед квотамен болама?
Жауабы
01-07-2026
Сәлеметсіз бе, грантқа түсу баллы бөлінетін грант саны мен берілетін өтініш санына байланысты болады. Білім беру грантын беру конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады.
Әмірсеит Айым Асхатқызы
30-06-2026
хорегорафия мамандығы барма? творческий экзамен қалай тапсырылады?
Жауабы
01-07-2026
Сәлеметсіз бе, «6В11103 Хореографиялық орындаушылықтағы мәдени-тынығу қызметі» білім беру бағдарламасы бар, құжат қабылдау 7 шілдеге дейін жүзеге асырылады.
Бекенова Куралай
30-06-2026
Кобегенов Кайырбек Бауыржанұлы оқып жатыр деген электронный турде 87073117724 ватсаптан осы номерге жибересизба отиниш. Актау қаласынан
Жауабы
02-07-2026
Сәлеметсіз бе!
Оқу орнынан анықтама PLATONUS ақпараттық жүйесінде автоматты түрде беріледі. Студент өзінің жеке кабинетіне кіріп, анықтама алуы керек.
Бакытжан Исатай
30-06-2026
Құрметті ректор!
Мен Бакытжан Исатай, педагогикалық квота бойынша оқуға қабылдау мәселесін қарастыруыңызды сұраймын. Педагогикалық мамандық бойынша білім алуға үлкен қызығушылық танытамын және болашақта өз мамандығым бойынша адал қызмет етуге дайынмын.
Өтінішімді қарастырып, педагогикалық квота бойынша оқуға қабылдауыңызды сұраймын.
Алдын ала алғысымды білдіремін.
Құрметпен, Исатай.
Жауабы
30-06-2026
Сәлеметсіз бе, 2026-2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілмеген. Білім беру грантын беру конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады
Абдрахым Ақмейір
29-06-2026
Комбинациям джт құқық бырақ шекті балл ға жетпейді 57 ғана тарсыруға ақылыға мумкіндік барма
Жауабы
30-06-2026
Сәлеметсіз бе, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4 тармағына сәйкес "Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша оқуға түсу үшін ҰБТ сертификатында кемінде 75 балл болуы керек. Сіз тамыз айында ҰБТ тапсыра аласыз, тіркелу 25 шілде мен 5 тамыз аралығы.
Берікқызы Аяна
29-06-2026
Сәлеметсізбе , менің тандай пәнім әдебиет/ қазақ тілі ҰБТ баллым 94 , педквотамен гранқа түсіге шенс барма?
Жауабы
30-06-2026
Сәлеметсіз бе, грантқа түсу баллы бөлінетін грант саны мен берілетін өтініш санына байланысты болады. Білім беру грантын беру конкурсына өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады
Өтініштер:
Оқу орнынан анықтама PLATONUS ақпараттық жүйесінде автоматты түрде беріледі. Студент өзінің жеке кабинетіне кіріп, анықтама алуы керек.
Мен Бакытжан Исатай, педагогикалық квота бойынша оқуға қабылдау мәселесін қарастыруыңызды сұраймын. Педагогикалық мамандық бойынша білім алуға үлкен қызығушылық танытамын және болашақта өз мамандығым бойынша адал қызмет етуге дайынмын.
Өтінішімді қарастырып, педагогикалық квота бойынша оқуға қабылдауыңызды сұраймын.
Алдын ала алғысымды білдіремін.
Құрметпен,
Исатай.