object(DateTime)#1022 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-21 17:31:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Бейресми білім беру

Ересектерге арналған бейресми білім беру – білім беру қызметін ұсынатын ұйымдармен жүзеге асырылатын, оқыту орнына, мерзімі мен нысанына қарамастан көрсетілетін және оқыту нәтижелерін растайтын құжатты берумен бірге жүретін білім беру түрі.

Бейресми білім берудің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша курстар ересектерге олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында білім беру қызметтерін көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Бейресми білім берудің нәтижелерін тану құзыретіне ұсынылған құжаттарды қарау және олардың бейресми білім берудің қол жеткізілген оқу нәтижелерінің ББ оқу нәтижелеріне сәйкестігін бағалау кіретін комиссия жүзеге асырады.

Оқу нәтижелерін растайтын құжат оқуды аяқтағаны туралы сертификат болып табылады.

Бейресми білім берудің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша курстардың тыңдаушылары университет білім алушылары да, бейресми білім беру бағдарламалары бойынша оқуды қалайтын тұлғалар да бола алады.

Университет студенттеріне арналған пәндер бойынша курстарды өту тәртібі білім беру бағдарламасына сәйкес білім алушының бос уақытындағы жүктемесін ескере отырып келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

  • оқу жоспарынан басқа қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндер курстарын оқығысы келетін білім алушы оқу жылы ішінде қосымша білім беру бөліміне өтініш беруге құқылы. Білім алушыға оқудың кез келген кезеңінде, соның ішінде каникул кезінде де пәндерді меңгеруге рұқсат етіледі;
  • тиісті кәсіптік оқу бағдарламасына қажетті пререквизиттерді меңгергісі келетін білім алушы өтінішпен қосымша білім беру бөліміне жүгінеді.

Бейресми білім берудің қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар қосымша білім беру бөлімінің жауапты қызметкеріне келесі құжаттарды ұсынады:

  1. нысан бойынша өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Байланыстар: 8 (7142) 51-14-75

Қабылдау комиссиясы