Ересектерге арналған бейресми білім беру – бұл оқу орны, уақыты мен оқу нысанына қарамастан білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жүзеге асыратын білім беру түрі. Оқу нәтижесінде оқуды аяқтағаны туралы сертификат беріледі.
Бейресми білім беру бағдарламалары бойынша курстарды Құзыреттер мен мансаптық өсу офисі жүзеге асырады. Курстардың негізгі мақсаты – ересектердің танымдық және кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Бейресми білім беру нәтижелерін мойындау арнайы комиссия арқылы жүзеге асырылады. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарап, бейресми білім беру нәтижелерінің оқу бағдарламалары талаптарына сәйкестігін бағалайды.
Бейресми білім беру бағдарламалары бойынша курстардың тыңдаушылары бола алады:
Университет студенттері бейресми білім беру курстарынан оқу процесінен бос уақытта, соның ішінде каникул кезеңінде өте алады.
Курстардан өту тәртібі келесідей:
Бейресми білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ниетті тұлғалар Құзыреттер мен мансаптық өсу офисіне төмендегі құжаттарды тапсырады:
Байланыс:
📞 8 (7142) 51-14-75 Құзыреттер мен мансаптық өсу офисі
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті