Құрметті білім гранты бойынша білім алған түлектер! ҚР "Білім туралы" Заңының 47-бабының 17-тармағына, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 11.08.2023 ж. №403 қаулысымен бекітілген жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес жас мамандар мен PhD философия докторларына міндетті түрде үш жылдық (екі жылдық) жұмыс өтеу жүктелді. Толығырақ "Қаржы орталығы" АҚ
Егер сіз университетіміздің студенті немесе түлегі болсаңыз және жұмыс іздеп жүрсеңіз, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы сізге көмектесуге дайын!
Орталық миссиясы
- әрбір студентпін жеке жұмыс жасау, мансапты жоспарлауға және дамытуға, жұмысқа орналасуға көмектесу.
Орталықтың негізгі мақсаттары
- студенттердің тәжірибенің барлық түрлерін өтуін ұйымдастыру және үйлестіру;
- студенттер мен түлектерге табысты жұмысқа орналасуға және мансапты дамытуға көмектесу.
Орталықтың негізгі қызметі
- ЖОО студенттері үшін тәжірибе базасы ретіндегі кәсіпорындармен және ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастыру және келісімшарттық қатынастарды орнату;
- студенттердің оқыту бағытына сәйкес тәжірибенің барлық түрлерін ұйымдастыру мен өткізуге, оның мерзімі мен мазмұнының сақталуына жалпы бақылауды жүзеге асыру;
- түлектерге жұмысты өтеу міндеті және жас мамандарды жұмысқа жіберу ережелерімен таныстыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- студенттерге, университет түлектеріне, жұмыс берушілерге веб-сайт, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс және коммуникация құралдары арқылы ақпараттық қолдау көрсету;
- мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған түлектерді дербес бөлу үшін комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
- мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жас мамандардың жұмысты өтеу мәселелері бойынша «Қаржы орталығы» АҚ-мен өзара әрекеттесу;
- түлектердің жұмысқа орналасуын талдау және мониторингілеу.
Біздің мекенжаймыз
- Мекенжайы: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 47, бас ғимарат, 120 кабинет
- Телефон: 8 (7142) 51-11-76
- Орталық басшысы: Есенбекова Жибек Жамбылбековна
- E-mail: careercenter@ksu.edu.kz
- Instagram