ЕБҚ бар студенттердің санаттары

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге (ЕБҚ) мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі және халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын тұлғалар, сондай-ақ жоғары оқу орнының білім беру ортасын, оқыту әдістері мен педагогикалық құралдарын бейімдеуді және әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуді талап ететін, оқуда уақытша немесе қайталанатын қиындықтарға тап болатын студенттер жатады.

​
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге халықтың әлеуметтік осал санаттарынан төмендегілер жатқызылады:
​Есту қабілеті бұзылған
​Көру қабілеті бұзылған
​Сөйлеу тілі бұзылған
​Тірек-қимыл аппараты бұзылған
​Эмоционалдық-ерік саласында бұзылыстары бар
​Көптүрлі басқа да бұзылыстары бар
​Аутизмі бар
​Аз қамтылған отбасылардан шыққан
​Ауыл квотасы бойынша білім алушылар
​Көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер
​

Қосымша ақпаратты Университеттің инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығынан алуға болады.

Қабылдау комиссиясы