ЕБҚ бар студенттердің санаттары

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге (ЕБҚ) мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі және халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын тұлғалар, сондай-ақ жоғары оқу орнының білім беру ортасын, оқыту әдістері мен педагогикалық құралдарын бейімдеуді және әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуді талап ететін, оқуда уақытша немесе қайталанатын қиындықтарға тап болатын студенттер жатады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге халықтың әлеуметтік осал санаттарынан төмендегілер жатқызылады:
Есту қабілеті бұзылған
Көру қабілеті бұзылған
Сөйлеу тілі бұзылған
Интеллектісі бұзылған
Психикалық дамуы тежелген
Тірек-қимыл аппараты бұзылған
Эмоционалдық-ерік саласында бұзылыстары бар
Көптүрлі басқа да бұзылыстары бар
Аутизмі бар
Аз қамтылған отбасылардан шыққан
Ауыл квотасы бойынша білім алушылар
Көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер

Қосымша ақпаратты Университеттің инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығынан алуға болады.

Қабылдау комиссиясы