05.11.20ж. Директорлар кеңесінің шешіміне (№2 хаттама) сәйкес "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ Ішкі нормативтік құжаттардың жіктеуіші бекітілді.
05.11.20ж. Директорлар кеңесінің шешіміне (№2 хаттама) сәйкес "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің жұмыс Жоспары (отырыстар кестесі) бекітілді.
07.10.2020 ж. Директорлар Кеңесінің шешіміне (№1 хаттама) сәйкес "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі Мирас Мұхтарұлы Дәуленов сайланды.
07.10.2020 ж. Директорлар кеңесінің шешіміне (№1 хаттама) сәйкес "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ ұйымдық құрылымы мен штат саны бекітілді.
" А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті " КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акция пакеті бар жөніндегі қабылдаған шешімі туралы хабарлайды:
"Коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 408 бұйрығымен " А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті " коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы 6 (алты) мүше болып белгіленді.
Директорлар Кеңесінің құрамына келесілер сайланды:
Мирас Мұхтарұлы Дәуленов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі.
Мамыр Қуанышқызы Кәрібаева - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)..
Зәуре Әнуарбекқызы Байменова – Қостанай облысы Білім басқармасының басшысы (келісім бойынша).
Орал Қабиұлы Қаппасов – Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы (келісім бойынша).
Тимур Мейірханұлы Садықов - «Баян Сұлу» АҚ Басқарма Төрағасы – Президент, тәуелсіз директор (келісім бойынша).
Қырмызы Сапарқызы Жанбыршина – «Еуразиялық банк» АҚ Қостанай филиалының директоры, тәуелсіз директор (келісім бойынша).
"А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ 30.07.2020 ж. № KZ91VGZ00000303 бағалы қағаздар шығарылуына мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берген " А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарияланған акцияларын шығару жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мемлекеттік тіркеуі туралы хабарлайды. Шығарылым 4 085 678,00 (төрт миллион сексен бес мың алты жүз жетпіс сегіз) жай акцияларға бөлінген, оларға халықаралық сәйкестендіру KZ1C00013978 нөмірі (ISIN коды) берілген. Бір акцияның номиналдық құны 1 000 (бір мың) теңге.
ҚР Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 қаулысының, ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының (бұдан әрі — ҚР ҚМ ММЖК) "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" 2020 жылғы 05 мамырдағы № 350 бұйрығының негізінде 2020 жылғы 08 маусымда "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті " коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастыруды аяқтады.