object(DateTime)#1015 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-25 11:45:32.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Қолданбалы биотехнологиялық ғылыми-зерттеу институты

Қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институты биологиялық зерттеулермен айналысады, ақылы диагностикалық қызмет көрсетеді, жоғары санатты мамандарды және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындайды, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті біріктіру негізінде биотехнологияның заманауи әдістері мен технологияларын қолдана отырып зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Ғылыми-инновациялық орталықтың құрылымы

ҚБҒЗИ құрылымында екі орталық бар:

  • Ғылыми-инновациялық орталық (ҒИО)
  • Сынақ орталығы (СО)

 Орталық заманауи құрылғылармен жабдықталған 4 зертхананы қамтиды:

  • молекулярлық-биологиялық зерттеулер зертханасы
  • иммунобиологиялық зерттеулер зертханасы
  • микробиологиялық зерттеулер зертханасы
  • Ковид-19 диагностикасына арналған клиникалық диагностикалық зертханасы.

Ғылыми-инновациялық орталық – әртүрлі қызмет салаларындағы ғылыми жаңалықтарды жүзеге асыру үшін идеялар мен мүмкіндіктерді біріктіреді.  ҒЗИ ғылыми-зерттеу бағыттарының ауқымы биотехнология, иммунология, ветеринариялық санитария/медицина саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді әзірлеуді, ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және медицинаға заманауи жетістіктерді енгізуді қамтиды.

Сынақ орталығы – азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдеріне сараптама, ауыл шаруашылығы және үй жануарлары мен құстардың жұқпалы ауруларының диагностикасын жүргізеді;  адамдарда COVID-19 диагностикасы, жануарлардың генотипін  анықтайды.

  • Сынақ орталығы МЕМ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкестігіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген (27.10.17 ж. № KZ.T11.1949 аккредиттеу туралы куәлік), енгізілген. Кеден одағының аккредиттелген зертханаларының тізімінде.

  • №2 KZ43VMY00001924 (COVID-19) патогенділігі тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге рұқсаты бар.

Зертханалдағы орталықтардың мүмкіндіктері:

  • Ауыл шаруашылығы жануарларының шығу тегінің түп нұсқалығын бақылау;
  • Ауыл шаруашылығы жануарларының ДНҚ сертификаты;
  • Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азық-түлік шикізатында, азық-түлік өнімдерінде және жемде генетикалық түрлендірілген ағзаларды (ГМО) анықтау;
  • Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінде антибиотиктер мен гормоналды өсу стимуляторларының қалдық мөлшерін анықтау.
  • Ауыл шаруашылығы және үй жануарларының жұқпалы ауруларын диагностикалау;
  • Шартты- патогенді микроорганизмдердің микробқа қарсы препараттарға төзімділігін анықтау.

ҚБҒЗИ  білім беру қызметін жүзеге асырады: зертханалар базасында ғылыми жобалар мен бағдарламалық-мақсаттық ғылыми жобалар шеңберінде докторанттар, магистранттар, сондай-ақ ветеринария, мал шаруашылығы  өнімдерін өңдеу, биология, биотехнология мамандықтарының студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, диссертацияларын орындайды.

Қабылдау комиссиясы