object(DateTime)#1023 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-21 17:00:44.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Жастар саясаты басқармасы

Құрылымы

Ракпанова Диана Болатовна

Жастар саясаты басқармасының бастығы

rakpanova.db@ksu.edu.kz

Сидахметова Айдана Канатовна

Жастар саясаты басқармасының маманы

Осипов Абылайхан Нурболулы

Жастар саясаты басқармасының маманы<

Ионова Лана Сергеевна

Жастар саясаты басқармасының маманы

Бегежанов Мурат Аскарович

Жастар саясаты басқармасының әдіскері

ЖСБ негізгі міндеттері:

  • университетте тәрбие процесін басқарудың тиімді жүйесін әзірлеу, енгізу және қолдау;
  • университетте Студенттік өзін-өзі басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда студент жастардың жеке басының үйлесімді дамуы мен жандануы үшін жағдайлар жасау;
  • университеттің 2021-2025 жылдарға арналған тәрбие жұмысының тұжырымдамасын іске асыру;
  • жастар санасында қазақстандық патриотизмді, идеалдар, нормалар мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
  • студенттердің діни санасының өзгеруінің жай-күйі мен динамикасына, жастар ортасында радикалды деструктивті идеялардың таралуына тұрақты негізде мониторинг жүргізу;
  • Қазақстан азаматтарының толерантты қарым-қатынастары мен ұлттық бірлігі идеяларын насихаттау;
  • білім алушылардың құқықтық сауаттылығын және сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатан төзбеушілігін қалыптастыру;
  • жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыстар жүргізу.

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті орталықтандырылған студенттік өзін – өзі басқару-студенттік жастардың проблемаларын шешуге бағытталған көшбасшылардың бастамашыл командасын құру жолымен жүріп жатыр.

Бұл студенттерге академиялық топтардың, институттардың, университеттің, Студенттер үйінің, Студенттік өзін-өзі басқарудың өзара іс-қимыл органдары арқылы университетті басқаруға және олардың белсенді өмірін ұйымдастыруға, іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беретін тұтас механизм.

Студенттік өзін – өзі басқару - оқуды, өмірді, бос уақытты ұйымдастырудың өмірлік маңызды мәселелерін шешу бойынша студенттердің өзіндік, шығармашылық және жауапты қызметі. Университеттегі оқу-тәрбие процесін басқарудың жалпы жүйесінің элементі бола отырып, студенттік өзін-өзі басқару студенттердің қоғамдық пікірін зерделеу негізінде олардың мүдделерін, қажеттіліктерін барынша ескеруді көздейді.

Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі міндеттері:

  1. студенттердің оқуға, қоғамдық қызметке жауапкершілікпен және шығармашылық көзқарасын дамыту;
  2. студенттік өмір мәселелерін шешуде дербес негізінде белсенді өмірлік ұстанымды, басқару қызметінің дағдыларын қалыптастыру;
  3. болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын бастамашыл қасиеттерді тәрбиелеу;
  4. әкімшілікке, профессорлық-оқытушылық құрамға оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге көмек көрсету;
  5. студенттердің бос уақытын пайдалы түрде ұйымдастыру, студенттік ұжымның әрбір мүшесінің жеке басының жан-жақты дамуына жәрдемдесу;
  6. университетте қоғамдық ұйымдардың қызметін жандандыру.

Бүгінгі таңда Студенттік Парламент ЖОО-ның барлық студенттік контингентінің 80% дерлік қызметін біріктіреді.

Студенттер үйінің Студенттік кеңестері жатақхананың студенттік ұжымын қалыптастыруға және тұрудың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру, тәрбие жұмысын үйлестіретін қоғамдық органдар болып табылады.

Жалпы, студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру студенттердің оқу үлгерімінің сапасын арттыруға және оқу тәртібін нығайтуға, олардың кәсіби және әлеуметтік мүдделерін, шығармашылық әлеуетін және қоғамдық-маңызды бастамаларын іске асыруға, студенттік ортада қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал құруға бағытталған. Студенттік өзін-өзі басқару қызметінің нәтижесі, ҚР Мемлекеттік жастар саясатын және студенттік корпоративтік мәдениетті іске асыру болып табылады.

Қабылдау комиссиясы