object(DateTime)#969 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-05 07:23:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Университет ректорының ресми блогы

Куанышбаев Сеитбек Бекенович

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,

География ғылымдарының докторы

Қымбатты достар!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қостанай өңірлік университеті – ерекше және ғажап оқу орны. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің жекелеген салаларындағы жарқын жеңістері мен елеулі жетістіктерінің саны бойынша еліміздегі ең көне немесе ең ірі университет бола алмағанына қарамастан, біздің университет көбіне атақты жоғары оқу орындарынан кем түспейді, тіпті олардан асып түседі.

Біздің университеттің бай және қызыққа толы тарихын көптеген талантты, ерік-жігері мықты және бірегей адамдар жасаған, олар өз Alma mater-ін  жақсы көрді және мұнда ұлттық тәрбиенің озық дәстүрлерімен жұмыс істеді. Аға әріптестерінен қалған барлық жақсылық пен жарқындықты мұқият сақтай отырып, қазіргі ұжым ғылым мен инновация саласындағы озық тенденцияларды ұстанып, өзін белсенді түрде дамытып, университетімізді де дамытып келеді. ҚӨУ түлектері жоғары кәсіби біліктілік пен терең пәнаралық білімді ұштастыра біледі. Нәтижесінде Қостанай облысы тұрғындарының бірнеше ұрпағы осында өздері білім алып, балалары мен немерелерін бізге әкеліп жатыр.

Университеттің ғылыми-инновациялық жұмысы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, ғылымды көп қажет ететін өнімдерді жасауға, заманауи өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, агрохимия және топырақтану, микробиология, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдік және жануарлар биотехнологиясы, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, IT-технологиялар, археология саласындағы, сондай ақ гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы ҚӨУ оқытушыларының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің практикалық нәтижелері республикада кеңінен қолданылуда.

Университет қызметінің жетекші бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Қос дипломдық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, халықаралық ғылыми және білім беру жобалары жүзеге асырылуда, университеттің шетелдік серіктестерінің белсенді қатысуымен ғылыми іс-шаралар өткізілуде.

Жыл сайынғы рейтингтің қорытындысы бойынша университет ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының 80% «Атамекен» ҰКП рейтингінде және көрсеткіштердің тұрақты динамикасын көрсетіп отырғанын қуана хабарлаймын. Ең маңыздысы, университетіміз аккредиттелген және барлық білім беру бағдарламалары 100% аккредиттелген. Осының барлығы Қостанай өңірлік университетінде білім алу тек іргелі білімдерді меңгеру және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар заманауи мамандарға қойылатын әлемдік талаптарға сәйкестік екенін барынша дәлелдейді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде тек кәсіби білім алу үшін ғана емес, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына барлық жағдай жасалған.

Студенттердің мәдени, спорттық және қоғамдық өмірдегі қабілеті мен дарындылығын ашуға көп көңіл бөлінеді. Нағыз оқиғалар, тартымды жобалар, ғылыми жаңалықтар және жаңа қызықты танысулар – мұның бәрі сізді біздің университетте күтеді!

Біз сіздерді Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында, сондай-ақ осы сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда күтеміз!

Құрметпен, ректор С.Б.Куанышбаев

Өтініш қалдыру

Блог ережелерімен келісемін

Обращение может быть подвергнуто модерации согласно нормам этики и правилам правописания, и только после этого опубликовано, включая, но не ограничиваясь, следующими правками:

 

  • Из текста обращения могут быть исключены сведения оскорбительного характера, содержащие клевету, порочащие сведения, иные сведения, наносящие вред чести, достоинству и деловой репутации, либо используемые в целях диффамации.
  • Из текста обращения могут быть исключены его составные части, сведения, направленные на разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, возбуждение социальной, национальной, родовой, расовой, религиозной вражды, оскорбление национальной чести и достоинства либо религиозных чувств граждан, пропаганду или агитацию социального, расового, национального, религиозного, сословного и родового превосходства, предполагающие дискриминацию по мотивам происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, содержащие призывы к насильственному изменению конституционного строя и нарушению территориальной целостности Республики, вызывающие угрозу безопасности, жизни, здоровью, нравственности населения.

Как правило, модерация обращения и подготовка даже промежуточного ответа на него занимает определенное время. В связи с чем, могут быть не опубликованы повторные (дублирующие) обращения, либо обращения, уточняющие причину неразмещения ранее поданных обращений или статус их текущей модерации.

 

Не принимаются претензии по срокам реагирования на обращения, требующие оперативного разрешения (вопросы срочного характера), в особенности, поступившие в нерабочее время

 

Все ваши обращения носят персональный характер, отражают субъективное мнение и отношение к проблеме конкретного человека - жителя области, поэтому в дальнейшем не допускается использование ника «гость», «аноним», «доброжелатель», «группа товарищей», «жители села» и т.д. Недопустимо использование блога как почтовой доски объявлений, обсуждения проблемы с третьими лицами, для сообщений приватного характера, адресованных другому конкретному собеседнику. В противном случае,  данные вопросы и ссылки будут удалены модератором. Информация об авторах обращений, поступающих на блог-платформу, носит строго конфиденциальный характер.

Өтініштер:

  • Оразбаев Нұртай Сапабекұлы
    Сәлеметсіз бе! Педагогикалық тестті өтейін десем, пустой страница болып тұрады, ал қалған мамандықтарда тестті өту деп, бәрі істеп тұр
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Бүгін арнайы емтихан тапсыруға база ашылды.
  • Қаламғали Асылай
    Педагогикалық тестті онлайн өткім келеді бірақ қалай тесттен өтетінімді білмей тұрмын
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Арнаулы емтиханды онлайн форматта университтеттің сайты арқылы https://spec-exam.ksu.edu.kz/kz өте аласыз.
  • Арайлым Дуйсенбаева
    баска универден тіркелгенмін өте алмай калдым
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе, арнаулы емтиханнан онлайн форматта университтеттің сайты арқылы https://spec-exam.ksu.edu.kz/kz өте аласыз.
  • Ерназарова Айнура
    Басқа қалаға ағылшын пәні нен қандай құжат откізу қажет.
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе, жеке куәлік; ҰБТ сертификаты; 3х4 көлеміндегі фото; орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом); жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.
  • Мунсизбаева Құралай
    Сәлеметсіз бе! Педагогикалық квота деген не және оны қалай алуға болады екенін айта аласыз ба? Және 92 балл қазақ тілі мен әдебиет пәндері арқылы грантқа түсу мүмкіндігі бар ма?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе, педагогикадық квота - педагогикалық мамандықтары бар университеттерге бөлінетін грант түрі. Педагогикалық мамандықтарға шекті балл - 75.
  • Анита
    Сәлеметсіз бе, мен ҰБТ грантында 85 балл жинадым. Мен бизнес және менеджмент бойынша грантқа өтініш бере аламын ба? арнайы пәндер: география, математика.
    Жауабы
    Cәлеметсіз бе, білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша шекті балл жиғаған адамдар жіберіледі.
  • Жанысбек Нұрай
    Пед квота жайлы ақпарат
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Пед. квота - педагогикалық мамандықтары бар университеттерге бөлінетін грант түрі. Педагогикалық мамандықтарға шекті балл - 75. Қосымша ақпарат алу үшін +77751434142 нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.
  • Айым
    Мен ұбт-дан 73 балл жинап қалдым, қызыл аттестатқа бітіргем, ауылда көп балалы отбасы қайда грантқа түсуге болады? Медицинаға немесе педагогика мамандықтарына грантқа қалай түссе болады?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Педагогикалық мамандықтарға шекті балл - 75. Егер Сіз төтенше жағдай енгізілген аймақтардан болсаңыз және қаңтар мен наурыз ҰБТ-ларында жоғары балл алсаңыз, сол сертификатты қолданып гарнт конкурсына қатыса аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін +77751434142 нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.
  • Мақсұт Фариза
    Педагогикалық тест тапсыру
    Жауабы
    Арнаулы емтихан бойынша сұрақтарыңызды 87751550400 нөмеріне хабарласып қоя беруіңізге болады.
  • Томирис
    Балл косып алу
    Жауабы
    Білім беру грант конкурсына өтініштер берген кезде педагогикалық квотаны белгілеуіңізге болады.
Қабылдау комиссиясы