object(DateTime)#969 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-04 23:59:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Университет ректорының ресми блогы

Куанышбаев Сеитбек Бекенович

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,

География ғылымдарының докторы

Қымбатты достар!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қостанай өңірлік университеті – ерекше және ғажап оқу орны. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің жекелеген салаларындағы жарқын жеңістері мен елеулі жетістіктерінің саны бойынша еліміздегі ең көне немесе ең ірі университет бола алмағанына қарамастан, біздің университет көбіне атақты жоғары оқу орындарынан кем түспейді, тіпті олардан асып түседі.

Біздің университеттің бай және қызыққа толы тарихын көптеген талантты, ерік-жігері мықты және бірегей адамдар жасаған, олар өз Alma mater-ін  жақсы көрді және мұнда ұлттық тәрбиенің озық дәстүрлерімен жұмыс істеді. Аға әріптестерінен қалған барлық жақсылық пен жарқындықты мұқият сақтай отырып, қазіргі ұжым ғылым мен инновация саласындағы озық тенденцияларды ұстанып, өзін белсенді түрде дамытып, университетімізді де дамытып келеді. ҚӨУ түлектері жоғары кәсіби біліктілік пен терең пәнаралық білімді ұштастыра біледі. Нәтижесінде Қостанай облысы тұрғындарының бірнеше ұрпағы осында өздері білім алып, балалары мен немерелерін бізге әкеліп жатыр.

Университеттің ғылыми-инновациялық жұмысы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, ғылымды көп қажет ететін өнімдерді жасауға, заманауи өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, агрохимия және топырақтану, микробиология, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдік және жануарлар биотехнологиясы, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, IT-технологиялар, археология саласындағы, сондай ақ гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы ҚӨУ оқытушыларының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің практикалық нәтижелері республикада кеңінен қолданылуда.

Университет қызметінің жетекші бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Қос дипломдық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, халықаралық ғылыми және білім беру жобалары жүзеге асырылуда, университеттің шетелдік серіктестерінің белсенді қатысуымен ғылыми іс-шаралар өткізілуде.

Жыл сайынғы рейтингтің қорытындысы бойынша университет ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының 80% «Атамекен» ҰКП рейтингінде және көрсеткіштердің тұрақты динамикасын көрсетіп отырғанын қуана хабарлаймын. Ең маңыздысы, университетіміз аккредиттелген және барлық білім беру бағдарламалары 100% аккредиттелген. Осының барлығы Қостанай өңірлік университетінде білім алу тек іргелі білімдерді меңгеру және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар заманауи мамандарға қойылатын әлемдік талаптарға сәйкестік екенін барынша дәлелдейді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде тек кәсіби білім алу үшін ғана емес, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына барлық жағдай жасалған.

Студенттердің мәдени, спорттық және қоғамдық өмірдегі қабілеті мен дарындылығын ашуға көп көңіл бөлінеді. Нағыз оқиғалар, тартымды жобалар, ғылыми жаңалықтар және жаңа қызықты танысулар – мұның бәрі сізді біздің университетте күтеді!

Біз сіздерді Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында, сондай-ақ осы сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда күтеміз!

Құрметпен, ректор С.Б.Куанышбаев

Өтініш қалдыру

Блог ережелерімен келісемін

Обращение может быть подвергнуто модерации согласно нормам этики и правилам правописания, и только после этого опубликовано, включая, но не ограничиваясь, следующими правками:

 

  • Из текста обращения могут быть исключены сведения оскорбительного характера, содержащие клевету, порочащие сведения, иные сведения, наносящие вред чести, достоинству и деловой репутации, либо используемые в целях диффамации.
  • Из текста обращения могут быть исключены его составные части, сведения, направленные на разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, возбуждение социальной, национальной, родовой, расовой, религиозной вражды, оскорбление национальной чести и достоинства либо религиозных чувств граждан, пропаганду или агитацию социального, расового, национального, религиозного, сословного и родового превосходства, предполагающие дискриминацию по мотивам происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, содержащие призывы к насильственному изменению конституционного строя и нарушению территориальной целостности Республики, вызывающие угрозу безопасности, жизни, здоровью, нравственности населения.

Как правило, модерация обращения и подготовка даже промежуточного ответа на него занимает определенное время. В связи с чем, могут быть не опубликованы повторные (дублирующие) обращения, либо обращения, уточняющие причину неразмещения ранее поданных обращений или статус их текущей модерации.

 

Не принимаются претензии по срокам реагирования на обращения, требующие оперативного разрешения (вопросы срочного характера), в особенности, поступившие в нерабочее время

 

Все ваши обращения носят персональный характер, отражают субъективное мнение и отношение к проблеме конкретного человека - жителя области, поэтому в дальнейшем не допускается использование ника «гость», «аноним», «доброжелатель», «группа товарищей», «жители села» и т.д. Недопустимо использование блога как почтовой доски объявлений, обсуждения проблемы с третьими лицами, для сообщений приватного характера, адресованных другому конкретному собеседнику. В противном случае,  данные вопросы и ссылки будут удалены модератором. Информация об авторах обращений, поступающих на блог-платформу, носит строго конфиденциальный характер.

Өтініштер:

  • Қаму Ғибрат
    Мен педагогикалық тесттен өткеніме бірнеше күн болды, 13 күні маған тест нәтижесі базаға тіркелмеген деген. Менің білгім келгені тест нәтижесі базаға тіркелген бе? (Қаму ҒибратЖақсыбекұлы)
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! +77751434142 нөміріне жазыңыз.
  • Байтабын Құрманғали
    Арнаулы тестті қай жерден тапсырсам болады?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Біздің сайтта орналасқан сілтеме арқылы өте аласыз.
  • Жания
    1.Сәлеметсіз бе! 4 таңдау жасағанда Пед квотаны жалпы конкурстан бөлек белгілейді ме?
    2.Жауаптар әртүрлі болып жатыр.Бір жерде Пед квота жалпы конкурста автоматтты түрде өзі шешіледі делінген,Пед квотаны белгілемейсіз деп. Педагогикаға таңдау жасасаңыз болды-деп.
    3.Тағы бір жерде осы сұраққа,Пед квотаны белгілейсіз-делінген.
    Нақтырақ дұрысын айтсаңыз.
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Пед квота жалпы конкурстың ішінде орналасқан. Егер педагогикалық квота бөлінген университеттерді белгілесеңіз, 4 бірдей мамандықты таңдай аласыз.
  • Сымағұл Самғар
    Грант конкурсына қатысу үшін
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! 13-20 шілде аралығында ЖОО келіп тапсыру керек немесе ЕГОВ порталы арқылы үйден өтініш беруге болады. Егер Сіз Төтенше жағдай енгізілген облыстарыдан болсаңыз, грант конкурсына өтініш беру 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.
  • Қайрақбай Алтынай
    Психотест тапсырып едім базада бармынба соны білгім келеді
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! +77751434142 нөміріне жазыңыз
  • Сапарбекова Ақерке
    Грант конкурсына байланысты пед.тест тапсыру
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Бүгін арнайы емтихан тапсыру базасы ашылды. Тапсыра беруіңізге болады.
  • Чайка Ирина Вадимовна
    Добрый день!
    Я,обучалась очно в сельхозинституте в период с 1979 по 1982 год на экономическом факультете. Мне необходима справка в Пенсионный Фонд РФ, подтверждающая очный период обучения. Каким образом я могу её получить?
    С уважением Ирина Вадимовна
    Жауабы
    Добрый день, Ирина Вадимовна! Для получения архивной справки за 1979-1982гг. необходимо обратиться в «Костанайский городской государственный архив», т.к. документы Кустанайского сельскохозяйственного института переданы на хранение в Филиал коммунального государственного учреждения «Государственный архив Костанайской области» Управления информатизации, оказания государственных услуг и архивов акимата Костанайской области «Костанайский городской государственный архив» (110000, г.Костанай, ул.Каирбекова, 395 А, к.т.: +7(7142)511420)
  • Тохтасын Ақбота
    Мен сіздердің сайттарыңыздан онлайн өткенмін,базадан шықпай тұр
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! +77751434142 нөміріне жазыңыз.
  • Жантурина
    Жалпы конкурска алматыдан 2 универ жазуга болама. Мысалы Женпу, Абай
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Егер сол университеттерде педагогикалық квота болса, 2 университетті белгілеуіңізге болады.
  • Ботакөз
    ҰБТдан 80алып, пед квота бөлінген университетке,мысалы абай университетін жазсам болады ма? грант конкурсна құжат тапсырған кезде пед квота үшін не тапсыру қажет? или автоматты түрде ма?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Болады. Бірақ кейбір университеттердің өздерінің қойған шекті балдары болады. Грант конкурсына қажет құжаттарды тапсырасыз. Пед квота жалпы гранттардың ішінде болады.
Қабылдау комиссиясы