object(DateTime)#969 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-04 13:23:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Университет ректорының ресми блогы

Куанышбаев Сеитбек Бекенович

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,

География ғылымдарының докторы

Қымбатты достар!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қостанай өңірлік университеті – ерекше және ғажап оқу орны. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің жекелеген салаларындағы жарқын жеңістері мен елеулі жетістіктерінің саны бойынша еліміздегі ең көне немесе ең ірі университет бола алмағанына қарамастан, біздің университет көбіне атақты жоғары оқу орындарынан кем түспейді, тіпті олардан асып түседі.

Біздің университеттің бай және қызыққа толы тарихын көптеген талантты, ерік-жігері мықты және бірегей адамдар жасаған, олар өз Alma mater-ін  жақсы көрді және мұнда ұлттық тәрбиенің озық дәстүрлерімен жұмыс істеді. Аға әріптестерінен қалған барлық жақсылық пен жарқындықты мұқият сақтай отырып, қазіргі ұжым ғылым мен инновация саласындағы озық тенденцияларды ұстанып, өзін белсенді түрде дамытып, университетімізді де дамытып келеді. ҚӨУ түлектері жоғары кәсіби біліктілік пен терең пәнаралық білімді ұштастыра біледі. Нәтижесінде Қостанай облысы тұрғындарының бірнеше ұрпағы осында өздері білім алып, балалары мен немерелерін бізге әкеліп жатыр.

Университеттің ғылыми-инновациялық жұмысы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, ғылымды көп қажет ететін өнімдерді жасауға, заманауи өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, агрохимия және топырақтану, микробиология, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдік және жануарлар биотехнологиясы, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, IT-технологиялар, археология саласындағы, сондай ақ гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы ҚӨУ оқытушыларының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің практикалық нәтижелері республикада кеңінен қолданылуда.

Университет қызметінің жетекші бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Қос дипломдық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, халықаралық ғылыми және білім беру жобалары жүзеге асырылуда, университеттің шетелдік серіктестерінің белсенді қатысуымен ғылыми іс-шаралар өткізілуде.

Жыл сайынғы рейтингтің қорытындысы бойынша университет ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының 80% «Атамекен» ҰКП рейтингінде және көрсеткіштердің тұрақты динамикасын көрсетіп отырғанын қуана хабарлаймын. Ең маңыздысы, университетіміз аккредиттелген және барлық білім беру бағдарламалары 100% аккредиттелген. Осының барлығы Қостанай өңірлік университетінде білім алу тек іргелі білімдерді меңгеру және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар заманауи мамандарға қойылатын әлемдік талаптарға сәйкестік екенін барынша дәлелдейді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде тек кәсіби білім алу үшін ғана емес, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына барлық жағдай жасалған.

Студенттердің мәдени, спорттық және қоғамдық өмірдегі қабілеті мен дарындылығын ашуға көп көңіл бөлінеді. Нағыз оқиғалар, тартымды жобалар, ғылыми жаңалықтар және жаңа қызықты танысулар – мұның бәрі сізді біздің университетте күтеді!

Біз сіздерді Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында, сондай-ақ осы сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда күтеміз!

Құрметпен, ректор С.Б.Куанышбаев

Өтініш қалдыру

Блог ережелерімен келісемін

Обращение может быть подвергнуто модерации согласно нормам этики и правилам правописания, и только после этого опубликовано, включая, но не ограничиваясь, следующими правками:

 

  • Из текста обращения могут быть исключены сведения оскорбительного характера, содержащие клевету, порочащие сведения, иные сведения, наносящие вред чести, достоинству и деловой репутации, либо используемые в целях диффамации.
  • Из текста обращения могут быть исключены его составные части, сведения, направленные на разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, возбуждение социальной, национальной, родовой, расовой, религиозной вражды, оскорбление национальной чести и достоинства либо религиозных чувств граждан, пропаганду или агитацию социального, расового, национального, религиозного, сословного и родового превосходства, предполагающие дискриминацию по мотивам происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, содержащие призывы к насильственному изменению конституционного строя и нарушению территориальной целостности Республики, вызывающие угрозу безопасности, жизни, здоровью, нравственности населения.

Как правило, модерация обращения и подготовка даже промежуточного ответа на него занимает определенное время. В связи с чем, могут быть не опубликованы повторные (дублирующие) обращения, либо обращения, уточняющие причину неразмещения ранее поданных обращений или статус их текущей модерации.

 

Не принимаются претензии по срокам реагирования на обращения, требующие оперативного разрешения (вопросы срочного характера), в особенности, поступившие в нерабочее время

 

Все ваши обращения носят персональный характер, отражают субъективное мнение и отношение к проблеме конкретного человека - жителя области, поэтому в дальнейшем не допускается использование ника «гость», «аноним», «доброжелатель», «группа товарищей», «жители села» и т.д. Недопустимо использование блога как почтовой доски объявлений, обсуждения проблемы с третьими лицами, для сообщений приватного характера, адресованных другому конкретному собеседнику. В противном случае,  данные вопросы и ссылки будут удалены модератором. Информация об авторах обращений, поступающих на блог-платформу, носит строго конфиденциальный характер.

Өтініштер:

  • Чоканова Карашаш Сагыналыевна
    Отбасымызда мүгедек бала бар
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Грантты тағайындайтын Министрлік.
  • Мариям Қожа
    Сәлеметсіз бе! Магистратура пед.бағытқа түсуге бакалаврдағыдай психотест тапсыру қажет пе?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Жоқ.
  • Аружан
    Мен 2023 жылы пед квотамен Окмпу грантка түстім,арнайы педагогика мамандығына ендігі кезекте мен универ ауыстыра аламын ба?Абай немен Женпу университтеріне,егер ауысуга мүмкіндік болса қалай?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Аталған университеттермен хабарласыңыз.
  • Жанаргүл
    Cәлеметсіз бе?Сіздердің университетке қызым оқуға түскісі келеді.Шел тілі мұғалімдерін даярлау бойынша.
    Бүгінгі грант тізімінде жоқпыз.
    95 балл алды.
    Сараланған грант немесе әкім гранты арқылы сіздерге түсе ала ма?Ақтөбе облысынанбыз.
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Грант нәтижелері шықты. Өтініл бергерде біздің университетті белгілемеген шығарсыз.
  • Альбина
    Мен грант өтініш жазғанда сараланған грант не екеніні түсінбей 1,2универге келісемін деп жазып қойыппын , бірақ балым 1ші универге жетіп тұр сонда мен 1шіге түссем сараланған грант бойынша түсембе әлде жалпы конкурс бгйыншама
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Алдымен жалпы гранттар ойнатылады, содан соң сараланған гранттар.
  • Бекмуратов Камиль Нагашпаевич
    Здравствуйте, можно перевестись с юриста (после колледжа 3 года) на программиста внутри КРУ?
    Жауабы
    Добрый день! К сожалению, вы не можете перевестись по сокращенной форме обучения на базе ТиПО, так как предыдущее образование не соответствует профилю подготовки IT специалистов. Вы можете поступить на 1 курс полной формы обучения. Более подробную информацию вы можете получить после 19 августа по телефону 8(7142) 55-84-54
  • Гүлзира
    Сәлеметсіз бе! Грант конкурсына 4 таңдау жасадық.Сосын қолымызға конкурсқа қатысу туралы анықтама берілді. Сұрағым: Берілген анықтамада печать қойылмапты, кейін байқадық.Басқа Біреулерден көрдік, өзге университетке тапсырған тапсырған, оларда печать бар екен. Былтырғы. Айтыңызшы, печать басылуы керек пе, қатты қобалжып тұрмын. Печать маңызды болса, не істейміз енді. Ол грант конкурсына жіберілмеді деген сөз болады ма?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Негізі, мөр басылуы керек. Егер сіз грант ұтып алсаңыз, сіз грант иегерлерінің тізімінде боласыз.
  • Ася
    Саламатсызба. Басқа оқу орнына ауысу жөнінде заявление жазған соң ол неше күн қарастырылады? Немесе арыз жазған күні печать бәрі қойылып дайын боладыма?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Басқа оқу орнына ауысу туралы толық ақпаратты +7 701 498 1301 (Есментаева Лязат Кабдулмановна) телефоны арқылы алуға болады.
  • Алматов Алишер
    Здравствуйте!можно ли заочно в вашем университете получить образование живя в Узбекистане
    Жауабы
    Здравствуйте, у нас очная форма обучения.
  • Басығара Диана Қайратқызы
    Сәлеметсіз бе, мен А.Байтұрсынов атындағы университетіне студент ретінде оқуға түскім келеді ақылы түрде (қашықтықтан). Көкшетау қаласындағы педагогикалық колледжді ағылшын тілі мұғалімі мамандығын (қолданбалы бакалавриат) бітірдім. Оқуға тапсыруға қажет құжаттарды қай мерзімге дейін тапсыру қажет? оқу ақысы қанша? және оқу ақысының жартысын 1-сессия басталғанда төлеуге бола ма? оқу мерзімі қанша уақыт(жыл, ай)?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе, құжаттар тамыз айының 20-на дейін қабылданады. Оқу ақысы 520 200 теңгені құрайды. білім беру қызметін көрсету туралы шарттың 12 тармағына сәйкес оқуға түсу кезінде, сондай-ақ кейінгі оқу жылдарында оқу ақысы бір уақытта немесе келесі шарттар бойынша жүргізіледі: ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін кемінде 30% алдын ала төлем, қысқы емтихан сессиясына дейін 30%, яғни, ағымдағы жылдың 01 желтоқсанынан кешіктірмей және жазғы емтихан сессиясы басталғанға дейін 40%, яғни, ағымдағы жылдың 01 мамырынан кешіктірмей төлем жасау керек.
Қабылдау комиссиясы