Оқуға жоғары білімі бар (кемінде бакалавр дәрежесі) және тағы бір жоғары білім алуға ниетті тұлғалар қабылданады.
Мамандықты ауыстыруға деген ниет. Көп жағдайда адам бірнеше жыл өз мамандығы бойынша жұмыс істегеннен кейін бұл істің өзіне мүлде сай келмейтінін түсінеді және басқа салаға қызығушылық танытады.
Мансаптық өсуге ұмтылыс. Көптеген жағдайларда қазіргі жұмыс орнында жаңа немесе қосымша біліктілік (экономикалық, заңгерлік, педагогикалық және т.б.) талап етіледі.«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілер бір арнайы емтихан тапсырады.
Өзін-өзі дамытуға ұмтылыс. Жоғары білім — жаңа білім алу мүмкіндігі. Егер оған жауапкершілікпен қараса, бұл тұлғалық дамуға алып келеді. Оқу барысында тек жаңа білім ғана емес, бұрынғы түсініктер де тереңдей түсіп, болашақта дамуға жаңа қызығушылықтар қалыптасады.
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау және арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша түсушілерге арналған арнайы емтихан педагогикалық жағдайды шешу түрінде өткізіледі және «өтті» немесе «өтпеді» форматында бағаланады.
Оқытудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың сабақтас бағыттары бойынша түсушілер («Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына түсушілерді қоспағанда) қабылдау емтиханын тапсырады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған білім беру бағдарламаларына қабылдау кезінде алдыңғы білім деңгейінің оқу нәтижелері автоматты түрде танылады.
Бұл ретте оқу жоспарларына сәйкес қайта есептелетін пәндер бойынша оқу нәтижелері (пәндер бойынша қорытынды балл) білім туралы құжат қосымшасының орташа балына сәйкес қайта есептеледі.
Білім туралы құжат қосымшасының орташа балы есептеліп, қайта есептелетін әрбір пән бойынша қорытынды баға ретінде орташа балл қойылады.
Студенттер қатарына қабылдау академиялық топтардың құрылуына қарай 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.