Екінші жоғары білімге жоғары білімі бар (кем дегенде бакалавр дәрежесі) және басқа білім алғысы келетін адамдар түсе алады.
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша түсуші адамдар бір арнаулы емтихан тапсырады.
"Педагогикалық ғылымдар" білім беру салалары бойынша түсу үшін құжаттарды қабылдау және арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
"Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерге арналған арнайы емтихан педагогикалық жағдайды шешу нысанында өткізіледі және "рұқсат беру" немесе "рұқсат бермеу"форматында бағаланады.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілер ("Педагогикалық ғылымдар"білім беру саласы бойынша түсушілерді қоспағанда), 1 шілде мен 20 тамыз аралығындағы тестілеу түрінде өткізілетін "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланатын қосымша емтихан тапсырады.
Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім немесе жоғары білім базасының қысқартылған білім беру бағдарламаларына қабылданған кезде алдыңғы білім беру деңгейіндегі оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады.
Бұл ретте қайта оқылатын пәндер бойынша оқыту нәтижелері оқу жоспарлары (пәндер бойынша қорытынды балл) білім туралы құжат қосымшасының орташа балына сәйкес қайта есептелінеді.
Білім туралы құжатқа қосымшаның орташа балы есептеледі және әрбір қайта оқылатын пән бойынша қорытынды баға ретінде орташа балдың мәні қойылады.
Студенттер қатарына қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында академиялық топты қалыптастыру негізінде жүргізеді.