Шетел азаматтарын қабылдау

Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында сұхбаттасу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

Ақылы негізде оқуға түсетін шетел азаматтары университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

  1. Университет басшысының атына өтініш;
  2. білімі туралы құжат және оған қосымша;
  3. жеке басын куәландыратын құжат;
  4. көлемі 3 × 4 сантиметр болатын алты фотосурет;
  5. 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
  6. арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін арнайы және (немесе) шығармашылық емтихан ведомосынан үзінді көшірме;
  7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.

Шетел азаматтарын стипендиялық бағдарлама бойынша оқуға қабылдауды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 31 наурыз бен 31 мамыр аралығында жүзеге асырады. (https://bolashak.gov.kz/ru/stipendialnaya-programma).

Шетел тілінде жасалған құжаттар қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынылады.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқуға қабылданғаннан кейін алғашқы академиялық оқу кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.

Шетел азаматтарын оқуға қабылдау университеттің академиялық күнтізбесіне сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Студенттер қатарына қабылдау академиялық топтарды қалыптастыру негізінде 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясының байланыс нөмірі

  • +7 776 505 0180
Қабылдау комиссиясы