object(DateTime)#1022 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-21 20:53:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Магистратура

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті магистрлерді екі бағыт бойынша дайындайды: оқу мерзімі 2 жыл  - ғылыми-педагогикалық магистратура, оқу мерзімі 1 жыл – бейінді магистратура.

2024-2025 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (қысқы қабылдау) (Жүктеу)

Бейінді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады.

Магистратураға шетелдіктерді қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады.

Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін үш жыл ішінде бейінді магистратураға ақылы негізде мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қабылдау қабылдау комиссиялары күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша түсу емтихандарынсыз жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Магистратураның білім беру бағдарламаларының тізімі
(Ғылыми-педагогикалық бағыт 2 ж.)

Білім беру бағдарламаларының тобы Кешенді тестілеудің бейіндік пәндері Шекті балл
М001 Педагогика және психология Педагогика
Психология
75
М010 Математика педагогтерін даярлау Математика
Математиканы оқыту әдістемесі
75
М011 Физика педагогтерін даярлау Жалпы физика
Физиканы оқыту әдістемесі
75
М012 Информатика педагогтерін даярлау Бағдарламалау
Информатиканы оқыту әдістемесі
75
М013 Химия педагогтерін даярлау Химия
Химияны оқыту әдістемесі
75
М014 Биология педагогтерін даярлау Биология
Биологияны оқыту әдістемесі
75
М015 География педагогтерін даярлау География
Географияны оқыту әдістемесі
75
М016 Тарих педагогтерін даярлау Казахстан тарихы
Тарихты оқыту әдістемесі
75
М053 Тарих Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы
Археология негіздері
75
М056 Аударма ісі, ілеспе аударма (ағылшын) Аударма теориясы
Кәсіби-бағытталған шет тілі
75
М059 Шетел филологиясы (ағылшын) Тіл теориясының негіздері (ағылшын, неміс, француз, корей, қытай, жапон тілдері)
Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын, неміс, француз тілдері)
75
М060 Филология (қазақ) Қазіргі қазақ тілі
Қазіргі қазақ әдебиеті
75
М060 Филология (орыс) Қазіргі орыс тілінің морфологиясы
ХІХ ғасырдың 1 жартысындағы орыс әдебиетінің тарихы
75
М067 Журналистика және репортерлық іс Қазақ журналистикасының тарихы
Қазіргі журналистиканың жанрылқ түрі мен қызметі
75
М070 Экономика Кәсіпорын экономикасы
Макроэкономика
75
М071 Мемлекеттік және жергілікті басқару Мемлекеттік басқару теориясы
Экономиканы мемлекеттік реттеу
75
М072 Менеджмент Менеджмент
Бизнесті ұйымдастыру
75
М073 Аудит және салық салу Бухгалтерлік есеп негіздері
Аудит
75
М074 Қаржы, банктік және сақтандыру ісі Қаржы негіздері
Корпоративтік қаржы
75
М075 Маркетинг және жарнама Маркетинг
Маркетингтік зерттеулер
75
М078 Құқық Мемлекете және құқық теориясы
Ситуациялық кейс (ҚР зандарын және-немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау)
75
М080 Биология Клетка биологиясы
Ботаника
75
М087 Қоршаған ортаны қорғау технологиясы Геоэкология
Экологиялық мониторинг
75
М089 Химия Физикалық химия
Аналитикалық химия
75
М090 Физика Механика
Молекулалық физика
75
М092 Математика және статистика Математикалық талдау
Дифференциалдық теңдеулер
75
М094 Ақпараттық технологиялар Алгоритмдер және деректер құрылымы
Деректер базасы
75
М099 Энергетика және электр техникасы Электр техниканың теориялық негіздері
Электр машиналары
75
М103 Механика және металл өңдеу Өзара алмасымдылық негіздері
Машина бөлшектері
75
М104 Көлік, көліктік техника және технология Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері
Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
75
М131 Өсімдік шаруашылығы Өсімдік шаруашылығы
Топырақтану
75
М132 Мал шаруашылығы Мал азықтандыру
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
75
М136 Аграрлық техника және технологиясы Ауылшаруашылық машиналары
Мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру машиналары
75
М138 Ветеринария Жануарлар патологиясы
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
75

Магистратураның білім беру бағдарламаларының тізімі (Бейіндік бағыт 1 ж.)

Білім беру бағдарламаларының тобы Кешенді тестілеудің бейіндік пәндері Шекті балл
М001 Педагогика және психология Педагогика
Психология
50
М078 Құқық Мемлекете және құқық теориясы
Ситуациялық кейс (ҚР зандарын және-немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау)
50

Магистратураға тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (КТ) қорытындысы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт үшін 150 балдық жүйе және бейіндік бағыт үшін 70 балдық жүйе шкаласына сәйкес жүзеге асырылады.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы (оқу мерзімі 2 жыл) магистратураның білім беру бағдарламаларына түсуші үміткерлер  ҮШ блоктан тұратын КТ тапсырады:

1 блок – «Шет тілі бойынша тест». Тыңдау, лексика-грамматика, оқу секциялардан тұрады;

2 блок – «Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест». сыни ойлау (қарапайым математика, ақпараттың әртүрлі формаларын түсіндіру), аналитикалық ойлау (академиялық және ғылыми-көпшілік мәтіндерді талдау, жасырын заңдылықтарды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау) секциялардан тұрады;

3 блок – «Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест». Екі бейіндік пәннен тұрады.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы (оқу мерзімі 2 жыл) магистратураның білім беру бағдарламаларына ақылы бөлімге түсу үшін және грант конкурсына қатысу үшін КТ шекті балы:

кемінде 75 балл, оның ішінде:

  • «Шет тілі» блогі бойынша – 25 балдан кем емес;
  • «Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» блогі бойынша – 7 балдан кем емес;
  • «Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест» блогі бойынша – 7 балдан кем емес.

Бейіндік бағыттағы (оқу мерзімі 1 жыл) магистратураның білім беру бағдарламаларына түсуші үміткерлер «Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша» тест тапсырады . Екі бейіндік пәннен тұрады. 

Бейіндік бағыттағы (оқу мерзімі 1 жыл) магистратураның білім беру бағдарламаларына  ақылы бөлімге түсу үшін КТ шекті балы:

  • «Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест» блогі бойынша – кемінде 7 балл.

IELTS (International English Language Tests System), TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), DSH (Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang), TestDaF-Prufung, TFI (Test de Franзais Internationa), Diplome d’Etudes en Langue franзaise, DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise) , TCF (Test de connaissance du franзais) шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары және стандартталған GRE (Graduate Record Examinations  тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаттары бар тұлғаларға КТ-ға электронды форматта және конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізу қажет.

Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында https://app.testcenter.kz келесі мерзімде жүзеге асырылады:

  • күнтізбелік жылғы 1 маусымнан 8 шілдеге дейін (жазғы қабылдау);
  • күнтізбелік жылғы 28 қазаннан 10 қарашаға дейін (қысқы қабылдау).

Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

  • күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін (жазғы қабылдау);
  • күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін (қысқы қабылдау).

Магистратураға түсу үшін құжаттар тізімі:

  1. Қосымшасы бар жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа және бір көшірме);
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың үш көшірмесі;
  3. 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  4. 075/у нысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқа және бір көшірме);
  5. Шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:
    ағылшын тілін меңгеру бойынша (бар болған жағдайда): International English Language Tests System Academic , IELTS Academic, шекті балл кемінде – 6.0;
    Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test , TOEFL IBT, шекті балл кемінде - 60;
    неміс тілін меңгеру бойынша: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang, DSH – В2 деңгейі; TestDaF-Prufung, TDF – В2 деңгейі;
    француз тілін меңгеру бойынша: Test de Français International, TFI - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес; Diplome d’Etudes en Langue français, DELF– В2 деңгейінен төмен емес; Diplome Approfondi de Langue français , DALF - В2 деңгейінен төмен емес; Test de connaissance du français, TCF – В2 деңгейінен төмен емес;
  6. Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
  7. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
  8. Тиісті балл комбинациясы бар кешенді тестілеу нәтижелерінің екі көшірмесі.
  9. Білім беру грантын тағайындау туралы куәліктің екі көшірмесі (болған жағдайда).

Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда университеттің қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдамайды

Магистратураға түсетін тұлғалар шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес келесі тілдер бойынша аударыла отырып, шет тілі бөлімінен өз қалауымен босатылады:

  • ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc);
  • TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test);
  • неміс тілі: DSH (Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang), TestDaF-Prufung;
  • француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse), DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse), TCF (Test de connaіssance du franзaіs).

Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде ОБПО қабылдау комиссиялары жүргізген әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады).

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118

Электрондық пошта:  talapker@ksu.edu.kz

Instagram: kru_kst_priyem

Байланыс телефондары:

  • 8 (7142) 54-28-49
Қабылдау комиссиясы