Білім беру бағдарламалары
6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясының маманы:
- Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың асыл тұқымдық және өнімділік сапасын арттыру, асыл тұқымды жас малдарды өсіру бойынша зоотехникалық жұмыстарды жүргізеді.
- Мал азығын, жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануды ұйымдастырады, кешендерде прогрессивті цифрландыру технологияларын, малды ұстау, бордақылау, күтіп-баптау және өсімін молайту жүйелерін енгізуді қамтамасыз етеді.
- Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылайды, оның нашарлау себептерін зерделейді және оларды жоюға ұмтылады, өнімді өткізудің мерзімдері мен кестелерін, өткізуге арналған малды сұрыптауды және іріктеуді қадағалайды.
- Өндірілген өнімнің стандарт талаптарына сәйкестігін анықтайды.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы маманы кәсіби қызметінің нысандары:
- ғылыми-зерттеу институттары мен биологиялық, ауылшаруашылық профильдегі университеттер;
- мал шаруашылығы кәсіпорындары, оның ішінде кешендер, асыл тұқымды зауыттар, тауарлы шаруашылықтар, репродукторлар және т.б.;
- сүтті/етті мал шаруашылығы;
- асыл тұқымды/өнімді/спорттық жылқы шаруашылығы;
- биязы жүнді/жартылай биязы жүнді/қылшық жүнді/жартылай қылшық жүнді қой шаруашылығы;
- беконды/майлы/аралас шошқа өсіру;
- ауыл шаруашылығы құстары: жұмыртқа/етті құс шаруашылығы; ара шаруашылығы; балықшаруашылығы; тері аң шаруашылығы; бұғы шаруашылығы;
- өңдіруші кәсіпорындар (ет, сүт, ара шаруашылығы, құс шаруашылығы, жүн және т.б.) өңдеу өнеркәсіптері;
- ғылыми-зерттеу зертханалары; селекциялық, сынау станциялары;
- білім беру ұйымдары.
Азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының беті