object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-04 13:10:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Шетелде оқу, сессия, жаңашылдықтар мен Жаңа жыл

Baitursynuly University ректоры Сейтбек ҚУАНЫШБАЕВТЫҢ студенттермен кездесуі еркін микрофон форматында өтті.

– Кез келген сұрақ қойсаңыздар болады – деп үндеу жасады ректор. Студенттер де үнсіз қалған жоқ.

Кездесу барысында Сейтбек Бекенұлы көптеген маңызды ақпаратпен бөлісіп, проблемалық сұрақтарды түртіп алды. Әр мәселе жеке қаралатын болады деп уәде берді.

ОҚУ ҮДЕРІСІ ТУРАЛЫ

Шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды. Белсенді студенттердің білім алу жағдайлары да талқыланды. Ректор оқытушыларға белсенді студенттер сабақтан босатылған жағдайда қолдау көрсетіп, түсіністік таныту қажеттігін айтты.

– Белсенді жастар болмаса, университеттің дамуы мүмкін емес! – деп ерекше атап өтті.

Қосарлы оқыту жүйесі туралы да түсіндірілді. Бұл жүйе колледжден кейін немесе екінші жоғары білім алу үшін оқуға түскен студенттерге арналған. Ал мектептен кейін түскен студенттер үшін қосарлы оқыту жүйесі тек төртінші курстан бастап қолжетімді болады.

СТУДЕНТТЕРДІҢ БОС УАҚЫТЫ

Студенттік футбол клубы жаттығу алаңының керек екендерін айтты.

– Көмектесеміз, – деп жауап берді ректор.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының кіші студенттер клубына кабинет беру мәселесі көтерілді. Бұл жаңалық тыңдаушылар тарапының да көңілінен шықты.

– Кабинет болады. Маған келіп, барлығын талқылап алыңыздар, – деді ол.

Nomad би клубына арналған жаттығу залы туралы сұрақ та назардан тыс қалмады. Репетицияларға орын жетіспейтіні және би үйренуге ниетті жастар саны көп екені айтылды. Бұл мәселе де оң шешімін табатынын ректор уәде етті.

Ректорға алғысын білдірген студенттер де жетерлік. Дебатшылар университет басшылығының студенттерге деген қолдауын ерекше атап өтті.

– Көп оқу орындарында біздің университеттегідей жағдай жасалмаған, – деп пікір білдірді олар.

БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ

Жаңашылдықтар туралы да жағымды жаңалықтар айтылды. Келесі оқу жылынан бастап ҚӨУ-не кіру карточкамен емес, Face ID жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл қауіпсіздік пен ыңғайлылық үшін енгізіледі.

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА

Барлығыңыз Жаңа жылды үйде қарсы алуларыңыз үшін сессия кестесін 30 желтоқсанға дейін аяқталатындай етіп жасауды тапсырдым, – деді Сейтбек Бекенұлы. Қалай қарайсыздар?

Студенттер бұл идеяны түгелдей қолдады.

P.S. Кездесу соңында ректор кез келген студенттің өз сұрағын тікелей қойып, мұндай кездесуді күтпей-ақ кабинетіне кіре алатынын еске салды:

– Кабинетімнің есігі сіздер үшін әрдайым ашық. WhatsApp арқылы да жазыңыздар, қазірдің өзінде белсенді түрде жазып жүрсіздер. Мен әрдайым байланыстамын!

Қабылдау комиссиясы