АЛТЫНМЕН апталған еңбек

ҚӨУ студенті республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында жеңімпаз атанды.

Никита Ленский – ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті, «6B07203 – Қайта өңдеу және тамақ өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.

Ол еліміздің барлық жоғары оқу орындары қатысқан дүбірлі додада университетіміздің намысын қорғады.

Зерттеу жұмысына «ұн жақсартқыштардың нан-тоқаш өнімдерінің сапалық көрсеткіштеріне әсерін зерделеу» тақырыбы арқау болған.

Студентімізге азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының аға оқытушылары Анзор Саидов пен Дмитрий Калитка ғылыми жетекшілік етті.

Нәтижесінде ҚӨУ студентінің еңбегі ерекше бағаланып, ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапаттауға лайық деп танылды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Университетіміздің абыройын асқақтатқан студенттеріміз бен оқытушыларымызды мақтан тұтамыз! Ғылым жолындағы ізденістеріңіз сәтті болып, жаңа белестер мен жарқын жеңістерге жете беріңіздер!

Қабылдау комиссиясы