Бәрі қолданбалы ЛИНГВИСТИКА туралы

ҚӨУ-де ROLE қолданбалы лингвистика бойынша халықаралық студенттік онлайн-конференциясы өтті

2026 жылғы сәуірдің 15-інде Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Зерттеу. Мүмкіндік. Тіл. Эксперимент – ROLE» атты қолданбалы лингвистика бойынша халықаралық студенттік онлайн-конференциясы өтті.

Конференция Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-дің шетел филологиясы кафедрасы мен Әбу Райхан Бируни атындағы Үргеніш мемлекеттік университетінің ағылшын тілі және әдебиеті кафедрасының ынтымақтастығы аясында екінші рет өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстан жоғары оқу орындарының бакалаврлары, магистранттары және докторанттары қатысты. Конференция қолданбалы лингвистика саласындағы білім, идея және зерттеу нәтижелерімен алмасу алаңына айналды, сондай-ақ жас ғалымдардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Баяндамалар ағылшын, орыс, француз және неміс тілдерінде жасалды, бұл конференцияға халықаралық және мәдениетаралық сипат берді.

Конференция екі форматта өтті:

Қатысушылар үш форматтың бірін таңдады: тікелей эфирде сөйлеу, бейнепрезентация жазу немесе екеуін қатар пайдалану.

Баяндамалар қазіргі қолданбалы лингвистиканың өзекті бағыттарын қамтыды:

ROLE конференциясы халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңызын дәлелдеді және лингвистика саласындағы студенттер мен жас зерттеушілердің кәсіби өсуіне жол ашты.

Қабылдау комиссиясы