ҒЫЛЫМ біріктіреді

Baitursynuly University-де биология пәні мұғалімдерін, экологтарды және Қостанай қаласы мен облысының бейінді мамандарын біріктірген «Тұжырымдамалық биология және экология» атты ғылыми семинар өтті.

Кездесуді ҚӨУ педагогикалық институтының жаратылыстану пәндері кафедрасы жанындағы Экологиялық ағарту және бастамалар орталығы ұйымдастырды.

Семинардың басты мақсаты – қатысушылардың тірі жүйелердің даму және қызмет ету заңдылықтары, сондай-ақ олардың қоршаған ортамен өзара байланысы туралы түсінігін тереңдету.

Семинарды кафедраның аға оқытушысы, магистр Сергей Курлов жүргізді. Кездесу тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, биологиялық және экологиялық үдерістерді зерттеудің жаңа тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік берген кәсіби басқосу болды.

Қатысушылар қазіргі биологияның негізгі ұғымдарын молекулалық және жасушалық деңгейден бастап эволюция мен экологияға дейін қарастырды.

Күрделі табиғи үдерістерді талдау, тұжырымдамалық модельдер құру және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу әдістеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тірі табиғаттағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және алған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдану мәселелері талқыланды.

Семинардың модераторлары – Галия Ручкина мен Ольга Бородулина.

Кездесу барысында биология мен экологияның қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешудегі маңызы қарастырылды. Табиғи үдерістерді түсіну, ғылыми ақпаратты талдау және түрлі құбылыстар арасындағы байланысты анықтау зерттеушілік ойлауды дамытуға әрі қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.

Семинар университет пен өңір мектептері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және экологиялық ағарту жұмыстарын дамытуға маңызды үлес қосты.

Қабылдау комиссиясы