2-мамыр күні Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтта дәстүрлі түрде өткізілетін «Жастар мен ғылым болашақтың кілті» тақырыбында студенттердің зерттеу жұмысының қорытындысы өтті.
Студенттердің зерттеу жұмысын ұйымдастыру бұл- отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің, эксперименттік деректерді өңдеу мен түсіндірудің заманауи әдістерімен танысу, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін ғылыми-зерттеу дағдыларын игеру мақсатында жүргізілді.
Зерттеу жұмыстары әралуан, жалпы саны 12 зерттеу жұмысы іріктелді.
Студенттер зерттеу жұмысының өзектілігі, теориялық талдауы, тәжірибелік зерттеулері мен әдістерді талдай білуімен, ұсыныстарын жеткізе білумен бағаланды. Қорғалған жұмыстарға тек әділқазы мүшелері ғана емес студенттер де сұрақтар қойып белсенділігін көрсетті. Зерттеу жұмысына Есиркепова Кенжегүл Қабылғазықызы- филология ғылымдарының кандидаты, Сегізбаева Кенжегүл Қонысбайқызы- филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,
Қасаболат Айгүл Жапарбекқызы- педагогика және психология мамандығы бойынша PhD докторы, Безаубекова Сәния Серікқызы ғылыми кітапхана директорының орынбасары төрелік етті. Бағалау критерийлері алдын ала беріліп, ашықтық қағидасы сақталды. Нәтижесінде:
1-орынды Приезжих Юлия 6В 01511 –Химия-биология мамандығының 4-курс студенті «Вспышка стволовых вредителей после катастрофического пожара в Аманкарагайском бору ғылыми кеңесшісі : Брагина Т.М.-доктор биология ғылымдарының докторы, профессор;
2-орын Жумабаева Кенжебека 6В01506 География мамандығының 3-курс студенті, «Анализ миграционных процессов Костанайской области за период с 2020-2023годы» тақырыбымен, ғылыми кеңесшісі Баубекова Гауһар, педагогика ғылымдарының магистрі;
2-орын Искаков Султан 6В 01511 –Химия-биология мамандығының 2-курс студенті «Разработка лабораторного фотоколориметра на основе Arduino» ғылыми кеңесшісі: аға оқытушы Губенко М.А.
2-орын Нуртазинова Дильназ Темирбеккызы, 6В11101 Туризм білім беру бағдарламасының 3-курс студенті «Влияние агрегаторов на продвижение услуг предприятий общественного питания», ғылыми кеңесшісі: Шкваренко Н.С.- туризм магистрі.
3-орын Каджая Александра Максимовна «Стереотип как лингвоментальная единица дискурса» 6В01703-орыс тілі және әдебиет білім беру бағдарламасының 2-курс студенті, ғылыми кеңесшісі: Сегизбаева К.К.- филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
3-орын Казбекова Аида «Study of «Classroomscreen» online board as an interactive multimedia tool for teaching English Lexis in secondary scool» 6B01705 Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасының студенті, ғылыми кеңесшісі: Марина Кудрицкая педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
3-орын Васильева Полина «Особенности межкультурной коммуникативной компетентности у студентов ВУЗа», 6B01101 Педагогика және психология білім беру бағдарламасының студенті, ғылыми кеңесшісі: Назмутдинов Ризабек - психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Студенттер университетіміздің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.