ҚӨУ инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығында ғылыми-тәжірибелік зертхана жұмыс істей бастады.
Психология, сондай-ақ педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының оқытушылары «ЖОО-да инклюзивті білім беру ортасын құру» атты біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасын әзірлеу үшін бірікті.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының қажеттілігі жоғары. Соңғы екі жылда ерекше білім беруді қажет ететін студенттер саны 166% өсті. Ал бұл динамика Қазақстандағы білім беру жүйесінің барлық кезеңдеріндегі инклюзивті процестердің арқасында өсетін болады.
Құрамында Мадина Қапарова, Айна Рахматуллина және Сәуле Айткужинова бар ҚӨУ-нің әзірлеуші шығармашылық тобы бағдарламаның мазмұнын талқылады және MOODL платформасында курстық материалдарды дайындап, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастыру үшін өзара міндеттерді бекітті.
Бағдарлама сарапшылары – педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚӨУ-нің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры Людмила Лиходедова, сонымен қатар педагогика ғылымдарының докторы, ИББжПҚО-ның сарапшысы, ҚӨУ ректорының кеңесшісі Римма Бектұрғанова.
Осылайша, ҚӨУ инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге университеттің білім беру траекториясында ілгерілеу және оны сәтті аяқтау үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету миссиясын орындайды.

