Ауқымды шараға Қостанай облыстық Аналар кеңесінің төрағасы әрі ҚӨУ филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы Ақжан Алтыбаева арнайы қатысты.
Ақжан Бақытжанқызы сарбаздарды қызметтің сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, әскер – өмір мектебі ғана емес, жастарды төзімділікке, тәртіп пен шынайы отансүйгіштікке баулитын үлкен шыңдалу кезеңі екенін атап өтті. Сондай-ақ ұстаз азаматтық өмірге қадам басқан жастардың алдағы білімі мен кәсіби дамуына ерекше тоқталды. Ол Президенттің бастамасымен әскери міндетін өтеген жастар үшін жоғары білімді грант негізінде алуға таптырмас мүмкіндік жасалғанын жеткізді. Осы ретте аға оқытушы сарбаздарды уақыт жоғалтпай, еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіне оқуға түсуге шақырды.
Бүгінде Отан қорғаушылар үшін сапалы білім алып, мықты маман атануға барлық жағдай жасалған. Ал қара шаңырағымыз жастардың талабын қолдап, олардың тұлға ретінде қалыптасуына көмектесуге әрдайым дайын.
Бұл салтанатты жиын сарбаздар үшін өмірдің бір белесі қорытындыланып, үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын жаңа кезеңнің бастауы іспетті. Жеке құрам мен бөлім басшылығына жауынгерлерді тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс айтылды.
Отан алдындағы парызын адал атқарған сарбаздарымызға мықты денсаулық, бақ-береке және жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз!
