Үздік атану үшін Қазақстанның 6 жоғары оқу орнынның студенттері бақ сынады.
Олардың барлығы да өз университеттеріндегі іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, жоғары білім деңгейін дәлелдеген.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды.
Бірінші турда қатысушылар лексика-грамматикалық тест тапсырып, профильдік пәндер бойынша білімдерін көрсетті және эссе жазды.
Екінші турда қатысушылар «Генеративті ЖИ дәуіріндегі филология: цифрлық талдаудан әлеуметтік инновациялар мен индустриялық шешімдерге дейін» тақырыбында жобаларын қорғады.
Олар цифрландыру қарқынды дамып жатқан кезеңдегі филологияның болашағына қатысты өз көзқарастарын ұсынды.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Бірінші орынды ҚӨУ студенті Дарья Финевич иеленді.
Екінші орынды Георгий Зырянов (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті) пен Магомед Курахмаев (Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті) өзара бөлісті.
Үшінші орын бірден үш студентке бұйырды:
Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!








