Іс-шара Қостанай облысы білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы мен ҚӨУ-дың физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының бірлесуімен ұйымдастырылды.
Семинарға Қостанай облысының түрлі қалалары мен аудандарынан 28 математика пәні мұғалімі мен олимпиадалық резерв жаттықтырушылары қатысты.
Оқыту семинарының спикерлері мен жаттықтырушылары – біздің университетіміздің тәжірибелі педагогтары.
Бес сессиядан тұратын бағдарлама аясында сандар теориясы (диофант теңдеулері, Эйлер және Ферма теоремалары), алгебралық теңсіздіктерді дәлелдеу әдістері, сондай-ақ комбинаторика мен логикадағы инварианттар әдісі жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, оқушылардың күрделі планиметриялық есептерді шешу кезіндегі психологиялық кедергілерін еңсеру мәселелеріне және геометриядағы «аудандар әдісін» қолдануға ерекше назар аударылды.
Семинар барысында қатысушылар оқушыларды олимпиадаға дайындау мәселелерімен қатар, қазіргі математика мұғалімдері мен болашақ педагогтардың кәсіби қажеттіліктері де әңгіме өзегіне айналды.
Атап айтқанда, жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларына олимпиадалық математика негіздері мен заманауи оқыту стратегияларын енгізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Қатысушылар бірқатар кәсіби ұсыныстар білдіріп, оқу жоспарларына олимпиадалық есептерді шешуге бағытталған пәндерді енгізу болашақ мұғалімдердің дарынды балалармен тиімді жұмыс істеуіне қажетті құзыреттерді студент кезінен қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты.
Іс-шара соңында «сұрақ-жауап» форматында пікір алмасу өтіп, олимпиадалық жұмыстарды бағалау критерийлері талқыланды.
Барлық қатысушыларға семинарды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталып, әрі қарай жұмыс істеу үшін олимпиадалық ресурстар мен кітаптардың кең электрондық базасына қолжетімділік берілді.

