Арнайы педагогика бойынша үздіктер анықталды

6В019 «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің XVIII республикалық пәндік олимпиадасы Baitursynuly University базасында он үш жоғары оқу орнының студенттерін біріктірді.

Бағдарлама екі кезеңнен тұрды.

Бірінші кезеңде қатысушылар «Болашақ педагогі: инклюзия, инновациялар, шабыт» тақырыбында жобалық жұмыстарын ұсынды.

Екінші кезең – тестілеу – «Арнайы педагогика» және «Инклюзивті білім беру» пәндері бойынша теориялық дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын — М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері - Семён Лабодрыга, Глеб Нос.

2 орынды бөлісті:

3 орын иегерлері:

Олимпиада тек бәсекелік бағдарламасымен ғана емес, бірлік атмосферасымен де есте қалды. Қатысушыларға ерекше әсер қалдырған «Бірлік алақаны» атты ұжымдық арт-бастама болды: олар қабырғаға түрлі түсті алақан іздерін қалдырып, символикалық «Бірлік ағашын» қалыптастырды.

Іс-шараның маңызды бөлігі «Қазіргі арнайы педагогика: сын-қатерлер мен перспективалар» атты пікірталас алаңы болды.

Мұнда ғылыми жетекшілер инклюзивті білім беру саласындағы өзекті үрдістерді талқылап, тәжірибе алмасып, саланың негізгі даму бағыттарын айқындады.

Қабылдау комиссиясы