object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-09-27 08:35:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Эко қосымшасымен

Болгариялық профессор Екатерина ТОДОРОВА Baitursynuly University-де студенттер, оқытушылар және жұмыс берушілер үшін экологиялық семинар өткізді.

Лесотехникалық университеттің ғалымы Софияда іске асырылған "Компостирлеу - айналымдық экономиканың кілті" жобасының тәжірибесімен бөлісті.

Еске сала кетейік, Екатерина ТОДОРОВА Baitursynuly University-де "Шетелдік ғалымдарды тарту" мемлекеттік бағдарламасы аясында сабақ береді.

Қостанайлық ерекшелік туралы «Neco экологиялық клубы» қоғамдық қорының төрағасы Наурызбек БИРМАҒАМБЕТОВ айтып берді. Ол "Оқу орындарында экологиялық білім беру және нақты жобалар арқылы қалдықтарды бөлек жинауды енгізу" жобасының нәтижелерін ұсынды, оған біздің студенттер және мектеп оқушылары қатысты.

Сонымен қатар, семинар қонақтары ҚӨУ Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының  ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектерінің көрмесімен танысты.

Барлық қатысушылар сертификаттар алды.

Қабылдау комиссиясы