Baitursynuly University студенттері АҚШ елшілігінің өкілімен кездесті.
ҚР АҚШ елшілігінің мәдениет және білім мәселелері бойынша атташе Colin Guard жұмыс сапарымен ҚӨУ келді.
Естеріңізге сала кетейік, жазда Қостанайда Baitursynuly University мен University of Minnesota Morris (АҚШ) арасында қос дипломды білім беру туралы меморандум мен келісім-шартқа қол қойылған болатын.
“Қос диплом” жобасы аясында 6B06104 Computer science (ГОП B057 «Ақпараттық технологиялар») білім беру бағдарламасы студенттері Қостанайдағы және америкалық университетте білім алады. Оқу аяқталған соң, түлектер қос диплом иесі атанады.
Қостанай студенттері үшін бұл ынтымақтастық әлемдік деңгейдегі білім мен тәжірибе алуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Осы оқу жылынан бастап, ҚӨУ машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультеті, бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасынан 10 студент қос дипломды бағдарлама бойынша білім алып жатыр.
Colin Guard студенттермен кездесіп, ректор Janet Ericksen жіберген университеттің имидждік футболкаларын, ал ҚӨУ ректоры Сейтбек ҚУАНЫШБАЕВ АҚШ елшісіне осы күзде Baitursynuly University 85 жылдығына орай шыққан кітапты сыйға тартты.
- Біз сіздің университетімізге келгеніңізге өте қуаныштымыз, - деді Сейтбек Бекенович. - Келесі жылы University of Minnesota іс-сапармен бару жоспарда бар. Американдық университеттің тәжірибесі біздің жастарымыз үшін және университетіміздегі білім беру үдерісінің дамуы үшін үлкен пайда әкелетініне сенімдімін.
Guard мырза қонақжайлылық үшін алғысын білдіріп, былай деді:
- Маған Қостанай қаласы қатты ұнады. Мен американдықтар мен қазақстандықтар арасында ортақ құндылықтар барын байқадым: біз өз отбасымызды, еркіндік пен тәуелсіздікті жақсы көреміз және әрдайым өткеннен қарағанда жақсы болашақ құруға тырысамыз.