object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 13:17:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Лодздағы бірінші семестр

Лодзь - таңғажайып тарихы бар қала. Оның атауы «қайық» деп аударылады, себебі бұрын өзендер көп болған. Қазіргі уақытта бұл аймақ Польшаның өнеркәсіптік орталығына айналған, ал осы қалаға барған Baitursynuly University студенттерінің өмірі өзеннің ағысындай қарқынды әрі толассыз өтіп жатыр.

Лодзин университетіне «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Химия-Биология» және «Физика» білім беру бағдарламалары бойынша 10 студент жіберілді. Олар Польшаға келген бойда көңілдері тасып, қуанышты сезімде жүр.

- Алғашында үйренісу қиын болды, бірақ көп ұзамай Лодзиге тез бейімделіп кеттім. Ең алдымен, қаланың архитектурасы қатты ұнады: ескі және жаңа ғимараттар табиғи түрде үйлесім тапқан. Қала таза, әрі жайлы. Қалада иттер көп екені байқалады, көптеген тұрғындар үй жануарларын асырайды, – деп бөлісті Жансая Жүніс.

Лодзин университеті мен қала тұрғындарының қонақжайлығы ерекше әсер қалдырды.
Қостанайлық студенттер оқу үдерісіне жаңа кіріскенімен, алғашқы нәтижелерін көрсетіп үлгерді.

Оларға сәтті бастама тілейміз!

Қабылдау комиссиясы