object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-12 20:28:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Көру өткірлігі. Тор қабықтағы соқыр дақ.

Жаратылыстану пәндері кафедрасында өткен ашық сабақ өте креативті форматта өтті.

Кафедра апталығы аясында аға оқытушы Баймаганбетова Каршыга Тасболатовна 1-курс студенттеріне «Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері» пәні бойынша сабақ (зертханалық жұмыс) өткізді.

Сабақтың мақсаты: Типтік кесте көмегімен көру өткірлігін анықтауды үйрену. Адам көзінің тор қабығында соқыр дақтың бар екенін дәлелдейтін әдіспен танысу.

Бұл пән бойынша зертханалық жұмыстар оқу жылы бойы жүргізіледі. Студенттер тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды. Мұндай әдіс теориялық білімді ғана емес, тәжірибелік дағдыларды да бекітуге көмектеседі.

Зертханалық жұмысты орындаған соң студенттер өз қорытындыларын жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сабақ барысында оқытушы мультимедиялық кешенмен оқытудың бірнеше әдіс-тәсілдерін қолданды. Мысалы: «Ыстық орындық» – қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру;«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі – сабақтың қорытындысын шығару мақсатында студенттер биологиялық диктант жазды.

Қабылдау комиссиясы