object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-04 00:08:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Машинажасау - даму мүмкіндігі жоғары сала.

Корея Республикасы Елшілігінің делегациясы Baitursynuly University іс-сапармен келді.

Корея Республикасы Елшілігінің өкілдері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіне келді. Кездесудің мақсаты – ғылым және білім саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту, сондай-ақ бірлескен жобалар мен ынтымақтастық болашағын талқылау.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейтбек Қуанышбаев Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы Gu Kyoyoung, экономикалық мәселелер жөніндегі сарапшы Bae Byeongwan мен энергетика және инфрақұрылым мәселелері жөніндегі бас сарапшы Гүлнұр Абдикаримованы қарсы алды.

- Біз қазір өңірдегі ең ірі жоғары оқу орнындамыз, университетіміз биыл 85 жылдық мерейтойын атап өтті, - деді ол қонақтарға. - Соңғы кездері университет Оңтүстік Кореямен белсенді ынтымақтастық орнатып келеді. Тамыз айында Сеулде Корея Республикасының білім министрі Gu Ho Lee мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек кездесулері аясында ҚӨУ мен Dong-Eui университеттері арасында қос дипломды мамандар даярлау туралы келісімшартқа қол қойылды. Сонымен қатар, біздің студенттер Оңтүстік Кореяда академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда. Мұның бәрі бізге машина жасау саласында білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Оның ішінде келесі жылы пайдалануға берілетін KIA зауытына да мамандар әзірленеді.

Сонымен қатар, ҚӨУ ректоры ағымдағы оқу жылынан бастап корей тілін үйрететін курс ашылғанын атап өтті. ҚӨУ базасында Сечжон патшаның атындағы Институттың ашылуы туралы сертификатты университет басшылығы тамыз айында алған болатын. Қазір корей тілін 65 тыңдаушы оқып жатыр, олардың арасында облыс тұрғындары, студенттер мен KIA зауытының қызметкерлері бар.

- Екі ел арасындағы ынтымақтастық кеңейіп келеді, - деп түйіндеді Gu Kyoyoung. - Бүгінгі кездесу маған ерекше әсер етті. Әсіресе, KIA зауыты үшін кадрлар даярлау мәселесі, сіздердің университеттеріңіздің машина жасау саласына ерекше назар аударатыны қуантады. Себебі, бұл даму мүмкіндігі жоғары салалардың бірі.

Кездесу соңында Сейтбек Қуанышбаев Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті көптеген ұсыныстарға әрдайым дайын екенін атап өтті.

Қабылдау комиссиясы